2017 жылғы 2 қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында өткен «Көпмәдениетті ортадағы тіл, әдебиет және медиамәтін» тақырыбындағы филологиялық оқулар аясында аға оқытушы, PhD докторы Аймолдина Алия Аманжоловнаның ағылшын тіліндегі «Understanding Intercultural Business Discourse: Theoretical Considerationsand Empirical Evidence» («Мәдениетаралық іскери дискурстың ерекшеліктері: теориядан тәжірибеге») атты баяндамасы тыңдалды.
Дәріске М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Экономика» бағытындағы студенттер мен магистранттар қатысты.
А.А. Аймолдинаның дәрісі заманауи іскерлік қарым-қатынасқа мәдениетаралық өзара әрекеттесу тұрғысынан қарау мәселелеріне арналды. Сонымен бірге, жаңа пәнаралық «Мәдениетаралық іскери дискурс» (Intercultural Business Discourse) бағыт мәнмәтініндегі тіл мен экономика ғылымының өзара байланысы мәселелеріне арналды. Дәрісте қарастырылған тағы бір мәселе іскери дискурс феноменінің түрлі мәдениетаралық іскери коммуникацияның, мәдениетаралық прагматиканың, контрастивті риториканың теориялары негізінде зерттелуі туралы, әлеуметтік-мәдени, ұйымдастырушылық, тұлғааралық мәмәтіндерінің түрлі деңгейлерін қарастыру болды.