29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы біздің Филиал студенттерінің саяхат-сабағының орнына айналды. Бірінші қабаттағы холлда студенттер Президент Н.Ә.Назарбаевтың қолында Қазақстанның картасын ұстап отырған скульптурасын тамашалады. Ал екінші және үшінші қабаттарда айрықша заттай бұйымдары мен қолжазбаларын, оның туған жерін, білім алу жолын, еңбек жолының бастауын және Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Елбасы қызметінің куәгері ретіндегі айғақтармен танысты.
Кітапхана гиді саяхатты Тұңғыш Президенттің кітапханасы сақтаулы тұрған үшінші қабаттан бастады. Мұнда біздің Президентімізге әлемнің бар бұрышынан сыйланған айрықша фолианттар жинақталған. Көптеген шетел мемлекеттерінің бірінші басшылары, атақты жазушылар мен ақындар залдың витриналарын әсемдеп тұрған сыйлы қолтаңбаларымен өз кітаптарын сыйлау мәртебесіне ие болған. Екінші қабатта студенттер Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке тұтынған бұйымдарымен, шахматымен, сағаттарымен, біздің Президентіміздің кеудесін жарқыратқан және Нұрсұлтан Әбішұлының бейнесінде Қазақстанның келбеті мен беделін асқақтатқан көптеген мемлекеттердің жоғары наградаларының коллекцияларымен танысты. Көптеген сувенирлердің ішінен аса бағалы бұйымдарды көруге болады. Атап айтсақ, Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Ху Цзиньтао сыйлаған қола ат мүсіні, теннисист Рафаэль Надальдың сағаты және Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентін шынайы құрметтейтін адамдардың шын жүрегінен сыйлаған басқа да бұйымдарды көруге болады. Студенттердің қызығушылығын тудырған тағы бір топ бұйымдар қарулардың құнды коллекциясы болды, оның құрамында аң мылтықтары, револьверлер мен пистолеттер бар. Ал 1910 жылғы үлгідегі жасалған алтындаған «Максим» пулеметі сыйлы орында.
Ерекше атап кету керек, студенттер Н.Ә. Назарбаевтың сан қырлы өмірінің деректерімен асқан қызығушылықпен танысты. Сыйлыққа берілген артефактілердің, сувенирлер мен кітаптардың құндылығы мен маңыздылығына үңіліп, шынайы қызығушылықтарын танытты. Сондықтан да олардың экскурсия жасаған маманға еліміздің Тұңғыш Президентіне байланысты қойған сұрақтар легі де мол болды.