25 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы тағы да өз түлектерін қарсы алды! Экономика кафедрасы студенттерге келешекте жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айту үшін филиал түлектерімен кездесуді ұйымдастыруды жалғастыруда. Осы жолы филиал магистратурасының 2014 жылғы түлектері, ерекше диплом иегерлері Гульмира Бимолданова мен Карина Каримжанова өз тәжірибелерімен бөлісті.
Біздің қонақтарымызды ортақ қызмет саласы біріктіреді: Гульмира мен Карина «Үлкен төрттікте» - аудиторлық және консалтингтік қызмет көрсетуші әлемдегі ірі компаниялардың бірінде - жетекші орындары бар. Соңғы екі жылда филиалдың «Экономика» бағытындағы түлектерінің 20%-ы аудит және консалтинг салаларында қызметке сәтті орналасуы байқалады.
Өзінің сөзінде Гүлмира Бимолданова аудитор кәсібі және басты міндеттемелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, «Аудит – өте маңызды рәсім. Бірқатар компанияларда бекітілген заңдылықтар тәртібімен немесе басқа да бір себептермен (мысалы, компанияның менеджменті қаржылық көрсеткіштердің дұрыстығына көз жеткізгісі келген себепті)» аудит жүргізіледі.
Гүлмира өз сөзінде бірнеше рет аудитордың жұмысы өте динамикалы екеніне тоқталып өтті: «Аудитор экономиканың түрлі салалары мен аяларындағы жобалармен жұмыс жүргізеді; аудитті қаржы саласындағы компаниялар да, қаржылық емес сала компаниялары да өтеді. Әрбір жоба өзінше айрықша, сол арқылы аудиторға дамуға және жаңа білім алуға мүмкіндік береді».
Карина Калимжанова өзінің салық консалтингіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті: «Салық компания өмірінде маңызды рөл атқарады. Компаниядағы бір де бір операция, мейлі ол жою болсын, бірігу болсын, сіңіру болсын, контракті жасау болсын – мұқият тексерусіз және салық тәуекелдерін бағалаусыз мүмкін болмайды». Барлық компанияда салық бөлімі немесе департаменті болады, онда салық саясатын әзірлейді және жүзеге асырады. «Салық консалтингі бизнеске салық саясатын дұрыс жүргізуге және заңнаманы сақтауға көмектеседі, салықтық тексеру кезінде компанияны сүйемелдейді».
Бұл біліктілікке ие болу үшін, 14 емтихан тапсыру керек. Бұл өте көп еңбек сіңіруді қажет ететін жол. Аталған біліктілік аудитте, қаржы және салық құқығы саласында жоғары біліктілікке ие болуға ұмтылған мамандарға керек».
Бұл – біздің түлегіміз жауап берген сұрақтардың барлығы емес. Алда бізді тағы қызықты түйін кездесу күтуде. Біздің жаңалықтарымызды оқып жүріңіз!