2018 жылдың қыркүйек айынан бастап М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында «Экономика» бағыты бойынша «Аймақтық даму экономикасы» жаңа магистрлік бағдарламасы, «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша «Табиғатты пайдалануды басқару» жаңа магистрлік бағдарламасы жұмыс жасай бастады.
Аталған бағдарламалар «Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Астана» Халықаралық ғылыми кешенімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуда.