2018 жылғы 12 қазанда ММУ Қазақстандық филиалында студенттер қатарына қабылдау өткізілді.
Студенттер қатарына қабылдау - әр студенттің өміріндегі есте ұалар маңызды сәт. «Студентке қабылдауды қалай қарсы алсаң, жаңа оқу жылын солай өткізесің» деп те тегін айтылмаған. Енді осы оқу жылы біздің студенттеріміз үшін жинақы және белсенді жыл болып өтеді, өйткені аталған іс-шара тамаша өткізілген болатын: қызықты сахна қойылымдары мен қызу билер, таза пейілді әзілдер мен жан-дүниеңді баурайтын өлеңдер оқылып, әндер айтылған еді.