2018 жылғы 22 қарашада Филиал директоры профессор А.В. Сидорович «Еуразиялық экономикалық интеграция» атты XIII жылсайынғы Халықаралық конференцияға қатысты.
«Еуразиялық экономикалық интеграция» конференциясы Еуразиялық даму банкінің қолдауымен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Конференция қарым-қатынас жасаудың, қаржы институттары, үкімет органдары өкілдерінің, экономикалық іс-әрекет субъектілерінің ақпарат және пікір алмасу алаңына айналды. Конференцияныі пікірталастық болмысы және талқылау барысында қол жеткізілетін ұсыныстар Банкінің жаңа инвестициялық саясатының жаңа тәсілдемелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді және ЕАЭС дамуы бойынша байыпты ұсынымдар дайындауға негіз қалайды.