2019 жылғы 16 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында мәскеулік жетекші ғалымдардың қонақ дәрісін оқу қайта жандандырылды.
Алғашқы «А. В. Григорьев и А. Л. Чижевский: созвучие творческих личностей. Встреча в Караганде в 1946 году. История одного портрета» тақырыбындағы қонақ дәрісін ММУ география факультетінің ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының доценті Дмитрий Леонидович Голованов оқыды. Дәріске Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттері қатысты.
Осы кештің тағы бір атап өтерлік тұсы - Д.Л.Головановтың Филиал кітапханасына А. Л. Чижевскийдің шығармашылығымен таныстыратын кітап көрмесін сыйға тарту етті.
Дәріс соңында Д.Л.Голованов Қазақстан филиалында Ресей мен Қазақстан ғылымы тарихы үшін ерекше орны бар А.Л. Чижевскийдің кабинет-музейін ұйымдастыруды ұсынды.
[нақтырақ...]