Дөңгелек стол «Қазақстандағы этностар: халықтың тарихи-мәдени дамуына қосылған үлес»
Дөңгелек стол жұмысына Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген өкілдер қатысты. Ұлтаралық қатынастар саласы бойынша жетекші ғалымдар мен эксперттер баяндама жасады. Осы мәселе бойынша, Қазақстанның біртұтас халқының тарихи-мәдени дамуына үлес қосқан мәдениет, білім беру, ғылым саласындағы қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы жалпықазақстандық электрондық мәліметтер базасын жасау жобасы туралы ұсыныстар қабылданды. Филиалдың әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының профессоры Ж.А.Ермекбай «Қазақстанның біртұтас халқының тарихи-мәдени мұрасыдағы шешен халқы және ингуш халқы: тарих пен қазіргі заман» тақырыбында баяндама жасады.