«Анализ, дифференциалды теңдеулер мен алгебраның өзекті мәселелері» атты конференция
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының қызметкерлері «Eurasian Mathematical Journal» журналының шығуының 10 жылдығына арналған «Анализ, дифференциалды теңдеулер мен алгебраның өзекті мәселелері» атты Халықаралық конференцияға қатысты. Конференция 2019 жылғы 16-19 қазан күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізілді.
Кафедра меңгерушісі, профессор Е.Д.Нұрсұлтанов «Интерполяционная теорема типа Марцинкевича-Кальдерона» тақырыбында пленарлық баяндама жасады.
Кафедра доценті Қ.А. Бекмағанбетов «Об оценках наилучших приближений смешанных дробных производных в анизотропной метрике» тақырыбында баяндама оқыды; аға оқытушы А.Б. Мұқанов Фурьенің өзгертулері және Липшиц класстары тақырыбында баяндама жасады. Осымен бірге, Е. Д. Нұрсұлтанов пен К. А. Бекмағанбетов «Теория функций и функциональный анализ» секциясының төрағасы құрамында болды.
Конференцияның жұмысы үш секцияда өткізілді: «Теория функций и функциональный анализ», «Дифференциальные уравнения и уравнения математической физики», «Алгебра и теория моделей».
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Италия, Германия және Японияның университеттері мен ғылыми институттарының математиктері қатысты..