28.10.2019

Қазақстан филиалының студенттері «Жас ғалымдар» форумына қатысты




154646ы.jpg


2019 жылғы 20–23 қазанда Мәскеуде ресейлік-қазақстандық «Жас ғалымдар» форумы болып өтті. Мәскеуде оқитын ММУ Қазақстан филиалының студенттері осынау кең ауқымды іс-шараға қатысты.


Форумның ұйымдастырушылары – «Ресей жастары мен балалары бірлестіктерінің Ұлттық Кеңесі» Қоғамдық бірлестіктер ассоциациясы, РТУ МИЭРА жастармен жұмыс ТМД қатысушы елдерінің базалық ұйымы, Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім Министрлігі қолдауымен ММУ Ақпараттық-талдау орталығы (АТО ММУ).


Іс-шараның қатысушылары – студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар мен жас оқытушылар, ғылыми ұйым қызметкерлері, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми бірлестіктерінің жастар ғылыми бірлестіктерінің өкілдері.


«Жас ғалымдар» форумы екі ел жастары арасында диалог орнатуда маңызды рөл атқарады. Өйткені оның көздейтін мақсаты қазақстандық-ресейлік ғылыми-білімдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады: іс-шара барысында ынтымақтастықтың өзекті бағыттары мен форматтары туралы мәселе көтерілді. Қос тараптық жастар жобаларының жүзеге асырылуының қажеттілігіне, екі елдің білім беру және ғылыми қарым-қатынасын дамытуға, жастардың ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми институттарының өзара байланысына баса назар аударылды.



[нақтырақ...]