30.11.2019

ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары QazaqGeography қоғамының V съезіне қатысты



1575109389_whatsapp-image-2019-11-30-at-16-19-13s.jpg

(с)zakon.kz

2019 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде QazaqGeography Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ү съезі болып өтті. Аталған іс-шараға QazaqGeography қоғамының мүшелері, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының аға оқытушысы А. С. Табелинова және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж. А. Ермекбай қатысты.


QazaqGeography Республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылғы 16 қазанда құрылған болатын. Оның құрамында 900 мүшесі және 50 серіктес-ұйымдар бар. Солардың бірі - ММУ Қазақстан филиалы. Биыл Филиал QazaqGeography қоғамымен бірлесе отырып, Орыс географиялық қоғамының «Географиялық диктант» ағартушылық акциясын ұйымдастырды.


QazaqGeography Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысады, экотуризмді дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жаңғыртуға және бірлігін сақтауға байланысты маңызды жобаларды жүзеге асырады. 2020 жылға келесі міндеттер белгіленген: карталар жасау, электрондық фотоальбомдар әзірлеу, көлдерді тазарту, қар барысын сақтау, сексеуілді сақтау, географиялық диктант өткізу, Орыс географиялық қоғамының 175 жылдығына қатысу және т.б.


IMG_20191130_102336s.jpg


Апта сайын QazaqGeography елордалық мектептерде география, экология және осы бағыттағы пәндер бойынша ғалымдар, саяхатшылар, фотосуретшілер оқушылар мен мұғалімдерге арналған саяхаттарын, дәрістері мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Бұл іс-шараларға қатысушыларды Қазақстан филиалының оқытушылары әзірлеген ойын түріндегі квест-экспедициялар, география бойынша олимпиадаға дайындықтар күтеді.