М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Кәсіби музыкалық білім беру: тарих, теория және практика


 


9429411733456203_02e8s.jpg


2019 жылғы 27 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жетекші музыкалық жоғары оқу орнының 75-жылдығына арналған «Кәсіби музыкалық білім беру: тарих, теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Осы конференцияның жұмысына Қазақстан филиалының профессоры С.Ш. Аязбекова да қатысты.


Профессор Аязбекова өз сөзінде Филиал директоры А.В. Сидоровичтің қошемет сөзін жеткізді және Консерватория кітапханасына ММУ-де жарық көрген кітаптарды сыйға тартты.



WhatsApp Image 2019-12-12 at 08.49.07s.jpg


Пленарлық мәжілісте С. Ш. Аязбекова «Консерваторияның Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-мәдени рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.


Мерейтойлық іс-шараның аясында ашық дискуссиялық дәріс өткізілді. Онда ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың кең алқасына С.Ш. Аязбекованың «Ұлы Дала өркениеттері» және «Ұлы Даланың мәдениеті мен өнері» атты монографияларының қолжазбалары таныстырылды (С.А. Аязбековпен соавторлықта). Аталған қолжазбалар аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды, сөйтіп оларды басып шығаруға ұсыныс берілді. Осы күндері, сонымен бірге, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтында қолжазбаның талқылауы өткізілді, нәтижесінде, мұнда да қолжазбаларды басып шығаруға ұсынылды.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.