М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің араксындағы білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісім аясында, ММУ ҚФ студенттерін әлеуметтік-гуманитарлық тәрбиелеу Концепциясында көрсетілген мінедттерді орындау мақсатында 2017 жылғы 24 наурызда Ұлттық музейде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша дәріс-саяхат өткізілді. Оған Филиалдың «Филология» және «Математика» мамандықтары бойынша 2 курс студенттері қатысты. Дәріс –саяхатқа жетекшілік еткен Филиалдың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры А.И. Оразбаева. Дәріс оқыған - Ұлттық музей қызметкері Султанова А. Студенттер «Қазақстанның ежелгі және ортағасырдағы тарихы залын» және «Тарих залын», «Этнография залын» аралады.
Музейдің ежелгі және ортағасырлық тарихы залында қойылған бес жүздей экспонаттар үлгісінде студенттер Қазақстан жерін ежелгі заманнан орта ғасырларға дейін мекендеген тайпалардың тарихымен, экономикасымен, діни көзқарастырамыне, көркем өнерімен, архитектурасымен танысты. Студенттердің ерекше қызығушылығын туғызған «Ботай мекеніне», ондағы алғашқы жылқыларды қолға үйретумен байланысты, Ұлы жібек жолындағы ортағасырлық жәрмеңкелерге қатысты артефактілер болды.
«Тарих залындағы» экскурсия Қазақ хандығының құрылуы туралы, қазақ халқының жоңғарлармен шайқастары туралы, Ұлы Даланың қазақ билерінің, батырларының мәдени-тарихи мұрасы туралы, жыраулар мен ақындардың, ағартушылардың, ойшылдарының мұралары туралы стенділермен жалғасты. Ерекше әсер қалдырғандар - қазақ батырларының алтын дулығалары, садақтары мен жебелері, шоқпарлары мен ши мылтықтары болды. Және де Тарих залында залда орналасқан өз бетімен экспонаттар мен тарихи оқыиғалар туралы мәлімет алуға болатын интерактивтік үстелдер де қызықтырды.
Этнографиялық залдың музыка өнеріне қатысты, тұрмыстық және салт мәдениетке байланысты заттар, діни сенім-нанымға байланысты қолданылатын бұйымдар, киізден жасалған ерекше бұйымдар, сүйектен ойып жасалған, ағаштан жасалынған, тері мен былғарыдан әзірленгшен, тоқыма мен кілем бұйымдарынан, тоқыма, кестелеуі, ұсталық, зергерлік бұйымдары болашақ филологтер мен математиктердің аса қызығушылықтарын туындатты.