2020 жылғы 21 ақпанда ММУ Қазақстан филиалында соңғы курс студенттері мен магистранттардың Филиалдың «Қолданбалы математика және информатика» бағыты магистратурасының түлегі Жанибек Серкуловпен кездесуі болып өтті.
Жанибек Серкулов Филиалдың 2019 жылғы түлегі, Astana IT University-нің цифрлық трансформация департаментінің директоры болып қызмет етеді. Аlma mater қабырғасында Жанибек «Филиал түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері» тақырыбындағы дәрісін оқыды. Дәрістің басты мақсаты - Филиал түлектерінің қазақстандық еңбек нарығының ІТ-индустриясындағы лауазымдық перспективалары туралы сипаттау. Дәріс оқушы түрлі ІТ компаниялар ұсынатын тағылымдамалар өтуге және сертификат беретін курстарға, олардың лауазымдық өсудегі орнына ерекше назар аударды.
Қазақстанда қазір ІТ-индустрияның өсуі байқалып отыр, атап айтқанда, мол мәліметтерді талдау және машиналық оқыту саласында ІТ дамуы айтарлық өсіп келеді, сонымен байланысты осы саладағы мамандарға сұраныс жоғарылап келеді. Мұның өзінде сол сұранысы жоғары мамандарды дайындау мәселесі күн тәртібіне қойылуда, ол сұранысты классикалық оқытуды ұстанатын университеттік білім берумен шешу мүмкін болмайды. Осы мәселені шешу мақсатында көптеген компаниялар ІТ-индустрияда жұмыс жасау тәжірибесі жоқ студенттер мен түлектерге арналған ақылы тағылымдамалар өткізуді жолға қойып отыр. Бұл тәжірибе Қазақстанда да қолданылып келеді. Жанибек KolesaGroup компаниясының «Колеса Академия» мектебіндегі, Beeline компаниясының BigDataSchool- дегі, «Альфа-Банк» банкісінің AlfaDataSchool мектебінің, Kaspi Bank банкісінің KaspiLab тағылымдамасының, Chocofamily компаниясының ChocodevInternship тағылымдамасы туралы айтып берді.
Аудиторияны өте қызықтырған ақпарат – «үлкен төрттік» консалтингтік компанияларында тағылымдамадан өту туралы ақпарат болды. Бұл ақпарат экономикалық, математикалық және ІТ-мамандықтар түлектері үшін аса қажет. Дәріс оқушы атап өткеніндей, аталған тағылымдамалардан өту, түлектерге келешекте жұмысқа орналасуда белгілі бір артықшылықтар береді.
Дәрістің жалғасында лауазымдық өсуде тірек болатын ағы бір маңызды практика туралы талқыланды, ол – сертификатталған курстар өту. Жанибек Қазақстандағы Huawei ICT Academy, OracleAcademy, Cisco Networking Academy аса ірі ІТ-вендорлардан келген түрлі академиялар бар екенін айтып берді. Олар Қазақстан университеттерінің базасында орналасқан, сол жерлерде емтихан тапсырып, сертификатталған курстар өтуге болады. Осы дәрістен студенттер мен магистранттар, сонымен бірге, Қазақстандағы PearsonVue автоматтандырылған тест орталықтары барын білді, оларда түрлі компаниялардың сертификатталған емтихандарын тапсыруға болады.
Сөзінің соңында Жанибек Қазақстан компанияларында алдағы уақытта өтілетін тағылымдамалар туралы хабарламалар жүйелі түрде берілетін ақпараттық ресурстар тізімін келтірді.
Фото: Оксана Орлова