04.04.2020

Филиал директорының студенттермен онлайн-кездесуі: қашықтан оқыту туралы, университетті бітіру туралы және бізді қуатты ететін не екендігі жөнінде


2020 жылғы үшінші сәуір күні Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович Мәскеу қаласындағы оқу топтарының старосталарымен онлайн-кездесуі болып өтті, оған Филиал директорының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері де қатысты. Кездесу барысында оқу процесінің қашықтан оқытумен байланысты туындаған ағымдағы мәселелері талқыланды, алдағы өткізілуі тиіс мәдени іс-шаралар, бітіруші түлектерді толғандырған сұрақтар туралы сөз етілді.


Қатысып отырғандарды қошеметтеп болған соң, директор осы кездесудің онлайн түрінде болса да, осынау қиын кездегі маңызын атап өтті. Жаһандық қауіп тудырып отырған осы кезеңде – тез тарап жатқан коронавирус жағдайында – ММУ бір отбасындай болып, келген қиындыққа төзіп, оны жеңу үшін бар күшін салуы керек. Қазақстан филиалы ММУ-дің ерекше бір бөлімшесі ретінде екі астанада (Мәскеуде және Нұр-Сұлтанда) қызмет етеді. Барлық оқу процесі дер кезінде қолға алынған шаралардың күшімен бірқалыпты жұмыс жасауда, Филиалдың барлық бөлімдері оқытудың қашықтан оқыту платформаларында оқу процесін, өз жұмыстарын жүргізіп отырғаны да аталып өтті.


Каникул уақытында ММУ Студенттер үйінде тұратындар барлығы үйлеріне қайтып кетті. Филиал әрдайым Мәскеудегі жоғары курс студенттерімен байланыста болды. Қазақстан филиалының ұстанған позициясы директордың Филиалдың сайтында жарияланғанайқын үндеуінің мәтінінде , көрініс тапты.


ММУ және Филиалдың бұдан әрі қарайғы жұмыс жасау барысы Мәскеу университетінің ректоратының позициясына қарай анықталатын болады: ректор В.А. Садовничий «Мәскеу университетіндегі білім беру қызметін ұйымдастыру туралы» бұйрығын жарияланды. Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап және айрықша өкім берілгенге дейін Мәскеу университетіндегі оқу процесі электрондық оқыту және қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы іске асырылады: білім алушылармен тығыз байланыс орнату және аралық аттестациялау мен мемлекеттік қорытынды аттестациялау қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.


Формасы өзгергеніне қарамастан, оқыту әдеттегі оқу кестесі бойынша жүргізіледі – Мәскеу университеті жаңа режимде білім берудің сапасын жоғарылату үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды.


Директордың айтуынша, қазір университет бітіруші түлектерге жадында ұстауы тиіс осы семестрдің маңызды міндеттері бар, олар: диплом жазуды аяқтау керек, оны мерзімінде тапсыру керек, рецензия алу керек, комиссия алдында сөйлейтін сөзінің мәтінін дайындау керек, сөйтіп сәтті қорғап шығу керек. Оқу процестерінің кестелері, нормативтік және оқу-әдістемелік материалдар Филиалдың сайтында жарияланған. Бакалавриат пен магистратураның сессиялары мен практикаларының кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.


Директор Мәскеудегі студенттерге өзгеріп тұратын ақпараттарды жіті қадағалауды тапсырды, әсіресе, карантин жағдайында өздерін ұстаудың қауіпсіз ережелерін және миграциялық заңнаманы қатаң ұстануды тапсырды.


[нақтырақ...]