30.09.2020

Соғыс туралы естелік кітабы



Книга памяти о войне Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арнап М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы «Соғыс туралы естелік кітабын» шығаруы – Филиалдың студенттері мен оқытушылары үшін ірі оқиға ретінде аталып өтті. Тұңғыш рет Филиалдың студенттері Ұлы Отан соғысына қатысқан және тылда ерен еңбек еткен туысқандары, жерлестері, жақындары, таныстары туралы жазған әңгімелері Естелік кітабында жарық көрді.


75 жыл өтсе де жасампаз жаңғырығы уақыт өткен сайын жақыннан естілгендей болып тұратын Ұлы Жеңістің әр парағы ерліктің, шыдамдылықтың, батырлықтың, біріккен күштің өшірілмес айғағына айналып келеді. Бейбітсүйгіш адамзаттың өркениеттің тамырына балта шаппақ болған фашизмді жоқ еткен ерлігі барлық адамның жүрегінде және әрбір келесі ұрпаққа әрдайым жеткізіліп отырмақ. Осылай кешегі, бүгін және ертеңгі күндердің сабақтастығы беки түспек.


«Соғыс туралы Естелік кітабы» екі бөлімнен тұрады: біріншісі – Ұлы Отан соғысы жылдары туралы отбасылық естеліктер, екінішісінде - Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған конкурсқа қатысушы студенттердің жіберген жұмыстары басылды. Бұл жинақтың құндылығы - әрбір отбасында сақталған соғыс және тыл қайраткерлерінің естеліктерінің, фотосуреттерінің жинақталуы.


«Соғыс туралы Естелік кітабының» жарық көруі біздің осындай оқып, жұмыс жасап, армандап, бейбіт өмір сүруіміз үшін өмірін сарп еткен батырларға деген тағызымымыз болып саналады.