Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Қазақстан халқының жадында, міне, 75 жыл бойындағы есте мәңгі қалар естелігіне айналып отыр. ММУ Қазақстан филиалында Жеңіс Күнін тойлауға жоспарлаған іс-шаралар жоспары аясында «Ұлы Отан соғысы және майдан мен тылдағы Қазақстан әйелдері: әйели тарих пен күнделікті тіршілік» тақырыбында онлайн қонақкәде-дәрісі оқылды. Оған Филиалдың оқытушылары мен студенттері қатысты.
Дәрістің кіріспе сәтінде ҚР ҰҒА академигі, Филиалдың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Р.Ж. Абдильдина Ұлы Отан соғысында Жеңіске қол жеткізудегі қазақстандықтардың зор үлесін атап өтті. Осымен де байланысты, Қазақстан әйелдерінің майдан мен тылда жасаған ерліктерін әлі де терең зерттей түсу қажеттілігіне, өскелең ұрпақтың санасын тәрбиелеуге және соғыс пен тыл ардагерлеріне деген құрмет рухын қалыптастыру үшін өте маңызды екеніне баса назар аударды.
Дәріс оқушы – тарих ғылымдарының докторы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж.С. Мажитова. Ол дәрісінің мазмұнында мұрағат көздерінен алынған материалдарды талдай отырып, Ұлы Жеңісті жақындату үшін тылда жасаған күнделікті соғыс тарихтарын негізге ала отырып, әйелдердің ерлігін танытты.
Ж. С. Мажитова атап өткеніндей, соғыс ешкімді де аямады: тек ерлер ғана емес, әйелдер де, қарттар мен балалар да соғыс құрбанына айналды. Соғыс орасан зор адами ресурстарды керек етті, міне, сондықтан да, әйелдерді тылда еңбек етуге жұмылдыру мәселесі – алапат әлеуметтік-экономикалық роль атқарды, тіпті соғыс-стратегиясында да маңызды орын алды. Дәріскер атап өткендей, Ұлы Отан соғысы жылдарында әйелдердің еңбегі, шын мәнінде, ерлікке толы және экономиканың көптеген салаларында шешуші роль атқарды. Өйткені ол еңбектің түпмәнінде, кеңес армиясын өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз еткен ерлік жатыр еді.
Бұдан басқа, дәріскер қазақстандық әйелдердің соғыстың барлық майданындағы әскери әрекеттерге қатысқаны туралы ерекше атап өтті. Соғыс уақытында оларға диверсант болуға, ұшқыш болуға, мерген болуға, танкист болуға, дәрігер болуға, байланысшы болуға тура келді. Олар тіпті, тыңшы-барлаушы қызметінде де болып, теңіз жаяу әскерінің де сарбазы болды. Ж.С. Мажитова, әсіресе, қазақстандық әйелдердің Тынық мұхиттан бастап сонау Берлинге дейінгі соғыс майдандарының бәрінде ерлікпен шайқасқаны туралы ерекше атап өтті.
Дәрісінің соңында Ж.С. Мажитова тыңдармандарының сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараны қорытындылай келе, профессор Р.Ж. Абдильдина келесі мәселені атап өтті. 9 мамыр – өз Отанын қалтқысыз сүйіп, оған қызмет етекендерді еске алу күні, Ұлы Жеңісті орнату үшін өз өмірін аямаған батырларды еске алу күні. Олардың батырлық пен ерлікке толы істерінен біз адамгершілік пен патриотизмнің, гуманизмнің шынайы келбетін көре аламыз, осынысымен де олар жас ұрпақтың адастырмас Темірқазығына айналды.