М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Халықаралық дөңгелек үстел «Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында: тарихи жады және заманауи сын-қатерлер»




2020 жылғы 13 мамырда М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының онлайн-алаңында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында: тарихи жады және заманауи сын-қатерлер» атты Халықаралық дөңгелек үстел болып өтті.




Халықаралық онлайн-диалогтің жұмысы дөңгелек үстел модераторлары – М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В. Сидоровичтің және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының директоры А.Т. Жоламанованың кіріспе сөздерінен басталды. Олар қатысушыларды қошметпен қарсы алып, Жеңіс күнімен құттықтап, салиқалы сұхбат құру сәттілігін тіледі.




Өз сөзінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В. Сидорович Еліміздің ұлттық тарихи жадысының сақтаушысы Ұлттық мұрағатамен біріге өткізіліп отырған дөңгелек үстел ММУ Қазақстан филиалының өміріндегі тарихи маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті. Бас қосып өткізілген сұхбат өскелең жас ұрпақ үшін өмірді дұрыс түсіндіретін адам рухының ұлылығын, жадының жасампаздығын таныта түсуге үлес қосуда.


Профессор А. В. Сидорович, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында майдан даласы мен еңбек тылында әкелердің, ата-бабалардың қанымен, маңдай терімен жасалған тарихты сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – біздің халықтардың жас ұрпаққа мирас ететін ұлы мирасы. Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арнап М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы «Соғыс туралы Естелік кітабын» шығарды. Онда түрлі ұлт пен түрлі сенімде болса да, Ұлы Жеңістің маңызын түсінген студенттер майданда шайқасқан ата-бабалары туралы жазған тарихнама бар.


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының директоры А.Т. Жоламанов өзінің сөзінде Ұлы Жеңістің әр қазақстандық үшін ерекше орны бар екендігі туралы айтып берді. Соғыс жылдарында Қазақстан сенімді тылға айналды, елімізге мыңдаған адамдар мен жүздеген кәсіпорындар аударылып, қоныс тепкен болатын. Қазақстан өзінің ішінен шыққан батырларын ерекше мақтан тұтады, тылдағы еңбек ерлерінің еріліктерін аңыз ғып айтады. А.Т. Жоламанова олардың барлығының есімдері тарих жадынамасында алтын әріппен жазылғанын ерекше атап өтті. Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы деректер жинаудағы, тарихи-мәдени мұраларды халық ішіне кең таратудағы мұрағаттардың ерекше орнын атап көрсетті. Бүгінгі күні Ұлттық мұрағат жас ұрпаққа әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігін танытқан тарихи оқиғалар туралы материалдармен мұрағат қорын толықтырып жатқаны туралы да айтып берді.




Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қазақстандық және ресейлік ғалымдар қатысты, олардың барлығы ұсынылған Ұлы Отан соғысы тарихы туралы тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырымдарын баяндап берді.


[нақтырақ]

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.