30.01.2017

Филолог-студенттері екінші жыл қатарынан «Орыс тілі XXI ғасырда: жастар зерттеулері» атты IV Халықаралық ғылыми студенттік он-лайн конференцияға қатысты


IV Халықаралық ғылыми студенттік он-лайн конференция

«Орыс тілі XXI ғасырда: жастар зерттеулері»


2017 жылғы қаңтар айының аяғында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 3 курстың филолог-студенттері екінші жыл қатарынан «Орыс тілі XXI ғасырда: жастар зерттеулері» атты IV Халықаралық ғылыми студенттік он-лайн конференцияға қатысты.

Конференция Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің базасында өткізілді (теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасы). Онда Филиал студенттерінен басқа Л.Н.Толстой атындағы Тула мемлекеттік педагогикалық университетінің орыс филологиясы ждәне құжаттану факультеті (орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы), Прешов университетінің русистика институты (Словакия), Сумалық мемлекеттік университеттің орыс тілі кафедрасы (Украина) және Қазан (Приволжский) Федералды университетінің (Ресей) орыс тілі мен мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебі (орыс тілі шет тілі ретінде кафедрасы) қатысты.

Пленарлық мәжілісте біздің үздік студентіміз Виктория Машкина «В.Набоков пен Б.Пастернак романдарындағы поэзия мен прозаның өзара ықпалдасуы» баяндамасын оқыды. Онлайн конференцияға қатысушылардың қызығушылығы көптеген сұрақтар туғызды.

Секциялық мәжілісте Диана Дремдждің тамаша презентация ұсынылған «Булат Окуджаваның Арбат мәтіндері» баяндамасы тыңдалды.

Тағы екі баяндама – Роксолана Абдраимованың «Ф.М. Достоевский романдарындағы Данышпан қарттың архетипі» және Д. Мұқанның «В. Набоковтың «Машенька» және Г. Газдановтың «Вечер у Клер» романдарындағы көркем кеңістік» - сырттай ұсынылды.

Барлық баяндамалар ұжымдық жинақта басып шығарылды.

В. Машкина 1 орынға ие болды және Дипломмен марапатталды, ал Д. Дремджи жақсы презентациясы үшін Грамотаға ие болды. Студенттер әдеьиеттен екі жыл бойы арнайы семинар оқу барысында дәрежелі бірнеше конференцияға қатысты, олардың әрқайсысында 6 баяндама мен басылымдары бар. Бұл нәтиже олардың кәсіби тәжірибесінің қалыптасуын және филологиялық дайындығының деңгейін таныта алады.


Т.В. Кривощапова,

филология кафедрасының профессоры