1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Университеттер бірінші курсқа түскен студенттер үшін есіктерін айқара ашады, ал жоғары курс студенттері, магистранттар жаңа оқу жылына қадам басады. Оқудың арқасында сіздер тек кәсіби біліммен ғана емес, қоршаған орта туралы білім жүйесін де игерген білімді тұлғаға айналасыздар. Жаңа оқу жылында алатын білімдеріңіз болашақтың тірегі болады. Ол білім сіздерге өзіңізді алдағы күтіп тұрғанына сенімді болған табыстар мен жеңістерге қарай дайындайтын үлкен қадам болып саналады.
Мәскеу университетін, ММУ Қазақстан филиалын таңдап, оқуға түскен бірінші курстықтарға ерекше құттықтауымды жолдаймын. М.В. Ломоносов атындағы ММУ – әлемге танымал, беделі жоғары, қол жеткізген жетістіктері мол университеті. Мәскеу университетіне оқуға түскен әрбір студент үлгілі оқуының, оқу жоспарындағы пәндерді терең танып-білуінің және өз бетімен ғылыми білім ізденуінің арқасында қоғамда өзінің орнын тауып, биік жеңістерге қол жеткізуге дайын болуы керек.
Университетті аяқтауға дайындалып жүрген студенттер жаңа оқу жылына өздерінің дипломдық жұмыстарын сәтті қорғап, сәтті жұмысқа орналасуға деген үмітпен қарайтыны белгілі.
2000 жылғы 9 қазанда Мәскеу университетінің Қазақстан филиалын құру туралы Хаттамаға қол қойылды, осы күннен бастап ММУ Қазақстан филиалының құрылу тарихы басталады. Ал 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап Филиал алғашқы студенттерге өз есігін ашқан болатын. Қазіргі Филиал – Қазақстандағы танылған және беделді кіші Мәскеу университеті. Филиал күні бүгінге дейін 2500 түлекті дайындап шығарды. Біз өз түлектеріміздің қол жеткен биік жетістіктерімен мақтанамыз және құрметті студенттерімізге жаңа оқу жылында жаңа
Мереке құтты болсын!
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры,
профессор А.В. Сидорович