М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

XVII Күзгі русистика мектебі онлайн форматта: миссия орындалды



ММУ Қазақстан филиалының филологтері уақыт пен кеңістік шекарасын ысыра алды


2020 жылғы 7–9 қазан күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы КазПРЯЛ-мен біріге отырып, РЦНК қатысуымен XVII күзгі русистика мектебін өткізді. Іс-шараға Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның 250 шақты мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушылары қатысты.


Участники ОШР


17 рет өткізілген КРМ-ға қатысуға Қазақстанның барлық дерлік аймақтарынан өтінімдер келіп түсті: Ақмола, Қостанай, Солтүсітк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркстан облыстарынан, 2 мегаполистен – елордамыз Нұр-Султан мен Алматыдан және 19 облыстық және әкімшілік орталықтардан: Арыс, Ақсу, Ақкөл, Атбасар, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, әкімшілік орталықтар - Булаево, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ленгер қаласы Түркістан облысы, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдықорган, Тараз, Тайынша қаласы Солтүстік Қазақстан облысы, Текелі Алматы облысы, Орал, Екібастұз, Шымкент, Шучинск. Сонымен бірге келесідей топонимдер мекенінен де келді: Әдемі, Ақмола облысы, Темирлан – Түркістан облысынан, Пятерыжск – Павлодар облысынан.


XVII Күзгі русистика мектебінің салтанатты ашылуы 7 қазан күні өткізілді. Қатысушылар мен қонақтарды қошемет сөзбен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, ММУ еңбегі сіңген профессоры Александр Владимирович Сидорович, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінің профессоры, ҚазПРЯЛ президенті Элеонора Дюсеновна Сулейменова, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі Алексей Анатольевич Коропченко қарсы алды.

Сидорович А.В..jpg


А. В. Сидорович Мектеп тыңдаушыларын қошметпен қарсы ала отырып, Э.Д.Сүлейменованы мерейтойымен құттықтады: «Осы күндерде біз тұтас бір саланың, тұтас бір бағыттың, тұтас әлемнің орыс тілі әлемінің, әлемдегі адамдарды татуластыратын тіл әлемінің көшбасшысы сізді мерейтоймен құттықтаймыз! Сіз тек қана Мәскеу университетінің досы ғана емессіз, сіз тұтас еуразиялық достастықтың белсенді қатысушысыз. Сіз - біздің елдеріміздің достығының елшісіз! Осы миссияңызға рахмет! » (2015 жылғы 15 сәуірде Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XIII Съезінде Э. Д. Сулейменова «Еуразиялық ынтымаққа қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған болатын – Ред. еск.)


Сулейменова Э.Д..jpg


Э. Д. Сулейменова М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалына шақырғаны үшін алғысын білдірді. Барлық қатысушыларға табыс тіледі. Орыс тілі мектебінің маңызын атап өтті: «3 күн бойы Пушкиннің, Олжас Сүлейменовтің, басқа да көптеген ақын-жазушылардың аттары айтылатын болады. Күзгі русистика мектебі өзіндік орны мен беделі бар мектепке айналды. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Бүгінгі русистика мектебі жұмысы ашылуымен құттықтаймын, толағай табыстар тілеймін!»


Коропченко А.А,.jpg


Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілеттігінің жетекшісі Алексей Анатольевич Коропченко осы өткізілетін Мектептің маңызын атап көрсетті: «17 жыл қатарынан Русистика мектебін өткізу – Қазақстанның филологиялық әлеміндегі маңызды оқиға. Пандемияға қарамастан, біз тағы да жиналып отырмыз. Тағы да орыс тілін оқытудың маңызды мәселелерін қарастырып отырмыз. Мұндай форматта өткізудің өзіндік жақсы да қыры бар екен: осы Мектепке 200-ден астам адам жиналған екен. Келіңіздер, орыс тілін оқыту мен дамытуға бірлесіп қызмет етейік».


Қошемет сөздерден соң қатысушыларды қызықты бағдарлама күтіп тұрды: дәрістер, шеберлік сыныптары, семинарлар, дөңгелек үстелдер. Үш күн бойы Мектептің қиын да қызғылықты жұмысы бір тоқтамады.


Шаймерденова Н.Ж..jpg


Власова Г.И..jpg


Сөз сөйлеп, дәріс оқыған русистердің ішінде филологиялық қауымдастық үшін танымал ғалымдар болды, олар: Нұрсұлу Жамалбековна Шаймерденова, Татьяна Васильевна Кривощапова, Галина Ивановна Власова, Тамара Григорьевна Котлярова, Герта Петровна Байгарина және Светлана Моисеевна Треблер.


Москвичи, Яценко.jpg


Дәріс оқығандар Мәскеу университетінің жетекші ғалымдары: Оксана Анатольевна Волошина, Ирина Иосифовна Яценко, Владимир Леонидович Коровин, Мария Владимировна Фокина.


Молодые преподаватели, Брянская М.А., доклад.jpg


Мектептің жұмысына жастар да белсенді атсалысты, семинарларды да жүргізді, шеберлік сыныптарын да өткізді, олар: Маргарита Александровна Брянская, Анастасия Владимировна Семенова, Анжелика Мирзониджотовна Чепкова, Элина Вячеславовна Мельникова и Евгения Сергеевна Воронова.

[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.