М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

ММУ Қазақстан филиалы экономика кафедрасы оқытушысының ғылыми конференциялардағы сөздері



Баева Ю.В.


ММУ Қазақстан филиалы экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, оқытушы Ю.В. Баева өзінің екі ғылыми конференцияға қатысып, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялағаны жөнінде хабарлама жасады. Ол 2020 жылғы 20-24 қазанда ММУ экономика факультетінде жыл сайын өтетін «Ломоносов оқуларына» қатысты және ХХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Соңғы конференция Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының ұйымдастыруымен Псков мемлекеттік университетінде 2020 жылғы 20-23 қазанда өткен болатын.


Өзінің «Қазақстан ауыл шаруашылығында сақтандыру индексінің дамуы» атты баяндамасында Ю.В. Баева қазақстандық экономиканың цифрлық қайта өзгерту жағдайындағы аграрлық сақтандырудың дамуындағы перспективалық бағыттар туралы баяндады. Эконометриялық модельдеу негізінде көрсеткіштер жүйесі әзірленді, ол сақтандыру тарифтерінің саралануын қамтамасыз етуге және олардың Қазақстанның аймақтарындағы табиғаттық-климаттық ерекшеліктеріне қарай икемді болуына мүмкіндік береді.


Қазіргі уақытта Ю.В. Баева кандидаттық диссертациясы бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Оған сәттілік тілейміз!

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.