М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

«Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз»


Момышулы_фон


2020 жылғы 2 желтоқсан күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраcы онлайн-режимде Бауыржан Момышұлының 110-жылдығына арналған Халықаралық дөңгелек үстел өткізген болатын.


Бауыржан Момышұлы - Ұлы Отан соғысы тарихындағы аты аңызға айналған тұлға. 1941 жыл Бауыржан Момышұлының басқаруындағы батальон Мәскеу төңірегіндегі 27 соғысқа қатысып, майданда асқан ерлікпен көзге түсті. 1945 жылы Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Латвияның 15 мекенін басқыншылардан азат етіп, жаудың бетін қайтарып, күшін ойрандады.


слушатели.jpg


Халықаралық дөңгелек үстел отырысы Бауыржан Момышұлының 110-жылдығына – Батырға, Халық қаһарманына арналды. Бұл - ММУ Қазақстан филиалында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған үшінші ірі іс-шара болып табылады.


Сидорович А.В.


Дөңгелек үстелдің жұмысын ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В. Сидорович ашты. Кіріспе сөзнде Филиал директоры Ұлы Жеңістің 75-жылдығы - Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарын біріктіретін ерекше тарихи жады болып саналатынын атап өтті. Бауыржан Момышұлы сынды аңызға айналған батыр тұлғалар халық есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс жайындағы, оның саяси және қоғамдық моралдық мұрасы қорғауды қажет етіп отырғаны белгілі. Тарихты бұрмалап, Ұлы Жеңістің ұмытылмас орны мен маңызын арзандатқысы келетіндердің құйтырқы әрекеттеріне тойтарыс беру, ол соғыстың шынайы бетпердесін ашу - нағыз ғалымдардың алдында тұрған міндет.


Тасболатов А.Б.


Аталған Дөңгелек үстелге қатысушыларды қошемет сөзбен қарсы алған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты А.Б. Тасбулатов қазақ халқына тән болып келген шынайы патриотизм мәселесі туралы сөз қозғап, Байыржан Момышұлының ерекше әскери таланты мен командирлік қабілеттері туралы толғаныспен баяндап берді.


Выступающие.jpg


Дөңгелек үстелде сонымен қатар баяндама жасағандар - «Мәдениеттер диалогы» АНО арт-директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ш. Мусина (Санкт-Петербург), аты аңызға айнлаған қолбасшылық қабілеті ерекше болған Бауыржан Момышұлы туралы көпке белгісіз жайттарды айтып берді. Сонымен бірге, Д.А. Аманжолова – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің халықтар достығы және ұлтаралық қатынастар тарихы Орталығының ғылыми қызметкері; Е.А. Абил – тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институы директоры; В.П. Богданов – тарих ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы тарих факультетінің мәдениет тарихы лабораториясының аға ғылыми қызметкері баяндамаларын оқыды.


Абдильдина Р.Ж. и Ахметова Л.


Дөңгелек үстелдің маңызды бөлімі тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» атты кітабының таныстырылымымен байланысты болды. Панфилов дивизиясының ерлігі туралы деректерді шөп басынан шық тергендей жинаған автордың сөзі Мәскеуді жанқиярлықпен қорғаушылар туралы тыңдаушыларын бейжай қалдырмады.


Дөңгелек үстелге 100-ден астам адам қатысып, 75 жыл бұрынғы ерліктің, тарихи оқиғалардың жайын талдап, еске алушылардың әңгімелеріне куәгер болды. Қатысушылардың әрқайсысы сонау қиын да ауыр жылдардың жалынын кешкен өздерінің туысқандары мен жақындарын еске түсірген еді.

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.