2020 жылғы 18 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Бүгінгі Қазақстан» атты студенттердің дөңгелек үстелі болып өтті.
Даниил Туленков, «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс студенті, қазақстандық кино туралы кіші зерттеуін көрсетті.
«Филология» бағытының 3-курс студенті Дарья Фогель, Филиалдың «Тенгри» клубының төрағасы қазақстандық әдеби дамуы туралы баяндап берді. Филологияның бірінші курс студенті Арыстан Иксанов – заманауи қазақстандық музыка туралы айтып берді. Төртінші спикер, «Филология» бағытының 3-курс студенті Зарина Шанкибаева Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы және еліміздегі сұлу жерлер, табиғат құбылыстары туралы айтып берді. «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс студенті, Регина Кулеш қазақстандық спорт, атақты қазақстандық спортшылар туралы баяндама жасады. Соңында «Экономика» бағытының студенті Виктория Пунтас «Қазағым» атты композициясын орындап берді.
Біз барлық спикерлерге рахметімізді айтамыз! Бүгінгі Қазақстан – біртұтас, тәуелсіз, өткені лайықты, қазіргісі тамаша, болашағы жарқын мемлекет болғанына қуанамыз!
Туған Еліміздің – Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!