М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы студенттерінің ғылыми-зерттеу Конкурсы қорытындыланды


2020 жылғы 12 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы студенттерінің ғылыми-зерттеу Конкурсы өткізілген болатын.


Құрамында Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының оқытушылары бар Конкурс комиссиясы Конкурстың жеңімпаздарын анықтады. Ендігі ретте олар дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталады, сонымен бірге ІІ кезеңге - Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының Конкурсына ұсынылатын болады.


Конкурстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:


«Математика» номинациясы бойынша:


I дәрежелі диплом – 3 курс студенті Дінмухаммед Акпанға «Критерий липшицевости тригонометрического ряда с ∆l условием» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы ф.-м. ғ.к. А. Б. Мұқанов;


«Экология және табиғатты пайдалану» номинациясы бойынша:


I дәрежелі диплом – 4 курс студенті Ганди Гапизжанұлына «Природные и антропогенные факторы пространственной дифференциации качества атмосферного загрязнения города Алматы» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – ММУ география факультеті ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының доценті б.ғ.к. П. П. Кречетов;


II дәрежелі диплом – 4 курс студенті Ксения Кочубейге «Опасные русловые процессы и гидрологические явления в долине р. Есиль в районе города Петропавловска» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – ММУ география факультеті геоморфологии и палеогеографии кафедрасының доценті, г.ғ.к. Ю. Р. Беляев;


«Филология» («Лингвистика» секциясы) номинациясы бойынша:


I дәрежелі диплом – 3 курс студенті Екатерина Сильчинаға «Неологические процессы в современном русском языке (на материале социолингвистических интернет-проектов “Слово года”)» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың филология кафедрасының доценті ф.ғ.к. Г. П. Байгарина;


«Филология» («Әдебиеттану» секциясы) номинациясы бойынша:


I дәрежелі диплом – 3 курс студенті Дарья Фогельге «Структура цикла “Одесские рассказы” И. Э. Бабеля» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың филология кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Т. В. Кривощапова;


ІI дәрежелі диплом – 3 курс студенті Игорь Ивановқа «Исторический сюжет о падении Константинополя в древнерусских воинских повестях» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың филология кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к. А. В. Семенова;


«Экономика» номинациясы бойынша:

 

ІІI дәрежелі диплом – 4 курс студенті Диана Карасайға «Особенности валютного регулирования в Казахстане и его результативность» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – ММУ саяси экономика кафедрасының доценті э.ғ.к. Н. И. Никитина;


ІІI дәрежелі диплом – 4 курс студенті Дарья Кузинаға «Особенности валютного регулирования в Казахстане и его результативность» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың экономика кафедрасының оқытушысы Г. Г. Горбач.



Біз студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және оларға үлкен ғылыми жетістіктер тілейміз!

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.