26.01.2021

Филиалдың студенттері «Достығымызбен біргеміз» атты жастар медиафорумына қатысты




25 қаңтарда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері «Достығымызбен біргеміз» атты жастар медиафорумына қатысты. Бұл іс-шара Мәскеу университетінің құрылған күніне, Студенттер күніне арналған болатын. Форумды ұйымдастырған - М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Душанбедегі филиалы (Тәжікстан).


Кездесуге, сонымен қатар, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Еревандағы филиалы, Душанбедегі ЖОО-лардың өкілдері қатысты.


Филиалдың Студенттік кеңесінің төрағасы Амир Сулейменов пен мәдени-көпшілік сектор жетекшісі Валерия Агеева өздерінің сөздерін біздің университеттің студенттік өмірдегі маңызды оқиғаларына арнады. Олар өз сөздерінде біздің студенттердің ғылыми жұмыс конкурстарындағы, олимпиадалардағы, студенттік дөңгелек үстелдерде, «Ломоносов-2020» конференциясында қол жеткізген табыстары мен мәдени және спорттың іс-шаралары туралы айтты. Валерия Агеева ерекше сезіммен «Книге памяти о войне» кітабы туралы айтып берді. Бұл кітапта Филиалдағы студенттердің соғыста болған және тылда жан қиярлықпен еңбек еткен жақын туысқандары мен жерлестерінің әңгімелері жинақталған болатын.


Сөзінің соңында Амир Сүлейменов М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттерінің атынан Медиафорумды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс сөзін арнады. Барлығын Мәскеу университетінің - ең талантты студенттердің alma mater құрылған күнімен құттықтады!


Форумның ұйымдастырушылары біздің студенттерге қатысқандары үшін ризашылықтарын айтып, халықаралық байланыс пен ұлтаралық, мәдениетаралық байланысты нығайтуда бұдан әрі қарай да ынтымақтастықта болатынына сенім білдірді.

 

ММУ Қазақстан филиалының басшыларының атына Душанбе қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Филиалының атқарушы директоры Р.Г. Ганиевтен Мәскеу университетінің 266-жылдығына арналған Медиафорумге біздің студенттердің белсенді қатысқаны үшін ризашылығы білдірілген Алғыс хат келіп түсті.

 

Благодарность_Филиал