ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы Куаныш Абдрахманович Бекмаганбетов ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы-2020» конкурсының жеңімпазы атанды.
Конкурсқа респбликаның 73 жоғары оқу орнының 623 үміткері қатысқан. Министрліктің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «ЖОО Үздік оқытушысы» атағына 48 ЖОО-ның 150 педагогы ие болған.
Оқытушылардың қызметін бағалау екі топтамадан тұратын өзекті сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша бағаланды: 1-ші топтама - оқыту сапасы, 2-ші топтама - ғылыми-зерттеу қызметі.
Конкурстың ережелеріне сәйкес, жеңімпаздарға грант бөлінеді, ол грант әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге, өз біліктілігін жоғарылатуға және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.
ММУ Қазақстан филиалының ұжымы Қуаншы Абдрахманұлын құттықтайды және оған алдағы уақытта мол-мол ғылыми-шығармашылық табыстарға қол жеткізуге тілегін білдіреді!