2 наурызда Филиал директоры Александр Владимирович Сидоровичтің ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Қанатович Аймагамбетовпен кездесуі болып өтті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған ММУ ректоры В.А. Садовничий бекіткен іс-шаралар Жоспарын орындау туралы және Филиалдың дамуына қатысты мәселелер талқыланды.