2021 жылғы 2 сәуір күні ММУ Қазақстан филиалының студенттері Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен кездесуге қатысты.
Кездесуді ұйымдастырғандар – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастырушылық-бақылаушылық басқармасының басшысы А. К. Тусупбеков және әкімшілік басқарманың басшысы К. Д. Шингожанова.
А. К. Тусупбеков Экономикалық тергеу департаменті туралы, оның құрылымы туралы, міндеттері мен қаржылық қылмыспен күрес жүргізу туралы айтып берді. Іс-шара аясында жастардың құмар ойынына тәуелді болып қалуы сияқты тақырыптар туралы айтылды. Қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді, психологтердің тұжырым пікірлері таныстырылды және таныс емес орындарда заңсыз құмар ойынға қызығып кеткен уақытта болуы мүмкін келеңсіздіктер жөнінде ескертулер тыңдатылды.
Кездесудің соңында экономикалық тергеу департаментінің өкілдері түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы талқылауды ұсынды және қойылған сұрақтарға телефонмен жеке түрде жауап беруге уәде берді.