18.06.2021

Ереван мемлекеттік университетіндегі кездесу



2021 жылғы 14 маусым күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Оразбаева Алтайы Иранбекқызы Арменияның «жоғары оқу орындарының анасы» есепті ең ежелгі университетінде, ЕМУ тюркология кафедрасының меңгерушісі, ғалым-түрколог, Еуразиялық сарапшылар клубының мүшесі, профессор Сафарян Александр Виленовичпен бірге ЕМУ-дің халықаралық ынтымақтастық істер және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры Артур Исраеляннің қабылдауында болды




Кездесуде ғалымдар арасындағы шығыстану, түркология саласы бойынша ғылыми, білім беру ынтымақтастығының перспективалық бағыттары туралы мәселелер талқыланды, сонымен қатар Еуразиялық одақтың мәдени-гуманитарлық кеңістігінде, Арменияның, Қазақстанның, Ресейдің көпқырлы мәдени–тарихи өзара байланыс орнату мүмкіндігі туралы мәселе қозғалды.


Проректормен кездесуден соң профессор А.В. Сафарян А.И Оразбаеваны түркология кафедрасына шақырып, онда оқытушылармен және қызметкерлермен таныстырды. Кафедра қызметінің басты бағыттары туралы айтып, әсіресе, 2010 жылы ашылған Оңтүстік Кавказдағы Қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығына ерекше тоқталып өтті. Бұл Орталықты Қазақстан Үкіметі ашып, Ереван мемлекеттік университетіне тарту еткен болатын. Кездесуден соң ғалымдар өзара авторлық монографияларымен алмасып, ескерткішке суретке түсті және келешекте біріккен жарияланымдар жасау туралы және біріккен ғылыми-зерттеу жобаларын орындау туралы келісті.