2021 жылғы 17-21 тамыз аралығында Стамбул университетінің базасында 34 -ші IGU-дің Халықаралық географиялық конгресі өтті. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқытушысы А.Табелинова аталған ірі ғылыми шараға қатысты.
34-ші Халықаралық географиялық конгресс онлайн режимінде өтті. Іс-шараның ұраны – «География: Құрлықтарды байланыстыру – және оның орналасуы» – Geography: Bridging the Continents – терең символикалық болып табылады, өйткені өткізіліп отырған жер яғни Стамбул қаласы – Еуропа мен Азия арасындағы көпір болып табылатын және бүкіл әлемнің мыңдаған ғалымдары мен сарапшыларын біріктіретін орын.
ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының аға оқытушысы Аида Табелинова IGU конгресінде екі баяндама жасады. Олардың біріншісі «Мәдени интерактивті карталар мен Азия аймақтарының тарихи, мәдени және табиғи мұрасының веб-атласы» деп аталды және екіншісі «Каспийдің солтүстік-шығысы мен Арал теңізінің жағалау ландшафтындағы табиғи және антропогендік процестердің дамуындағы табиғи-климаттық және антропогендік факторлар» деп аталды.
Өз баяндамасында Аида Серікпайқызы табиғи және антропогендік процестерді зерттеуде геоақпараттық әдістерді қолдану тәжірибесімен бөлісті, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік дәлізін қалпына келтіру үшін тарихи-мәдени мұра депозитарийін жинау туралы және туризм мен геоэкология саласындағы халықаралық жобалар үшін, оның ішінде Каспий аймағының интерактивті атласын құру жөнінде жаңа идеяларды ұсынды. А.С. Табелинованың баяндамасы сарапшы тыңдармандардың ерекше қызығушылығын тудырды.