19.10.2021

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының студенттерімен және ұжымымен кездесті



А.Н. Бородавкин и А.В.Сидорович


2021 жылғы 15 қазанда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин мен студенттер, магистранттар және оқытушылардың кездесуі өтті.




ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович кездесуді құттықтау сөзбен ашып, былай деп атап өтті:


«Алексей Николаевич Бородавкин – дипломатиялық мансабында үлкен жолдан өткен жетекші ресейлік дипломаттардың бірі. Алексей Николаевич өзінің тәжірибесі мен білімін ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастарды нығайтудың игі ісіне арнайды, екі мемлекеттің мүдделерін өзара құрметтейтін көпмәдениетті диалогын қалыптастыруға үлес қосуда. Оның қызметін құрметтеу және мойындау белгісі ретінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Бородавкинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Ресей дипломатиялық миссиясының басшысы өзінің сөзін студенттерді, оқытушылар құрамын және қызметкерлерін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығымен құттықтаудан бастады, Филиалдың Қазақстандағы жоғары білім деңгейін көтеруге қосқан баға жетпес үлесін ерекше атап өтті. А.Н. Бородавкин РФ Үкіметі жыл сайын қазақстандық студенттерге гранттар бөлетінін, бұл біздің елдеріміз арасындағы педагогикалық тәжірибе алмасу үшін келешекке перспективалар қалайтынын атап өтті.


Студенты и магистрантф Филиала


Өз сөзінде Ресей Елшісі Ресей мен Қазақстан арасындағы сенім мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне ерекше атап өтті, Сонымен бірге тығыз ынтымақтастықтың, одақтастық қарым-қатынастардың жалғасуы мен одан әрі дамуына және мәдениет, ғылым, білім беру, ғарышты игеру, медицина салаларындағы біздің елдер арасындағы интеграциялық байланыстардың одан әрі нығаюына деген үмітін білдірді. А.Н. Бородавкиннің айтуынша, туындайтын қиындықтар біздің мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара түсіністік арқылы тиімді шешіліп келеді.


Вопросы студентов


Кездесу барысында А.Н. Бородавкин ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттарының сұрақтарына жауап берді. Ол өзінің дипломатиялық мансабының қалыптасу кезеңі мен дипломаттың бойында болуы тиіс ең маңызды қасиеттерге тоқталып өтті. Бүгінгі әлемді толғандырып отырған ядролық қарусыздану, Ауғанстандағы жағдай, тіл саясаты мәселелері сияқты халықаралық күн тәртібіндегі өткір мәселелерге тоқталды. Ресей елшісі сонымен қатар ортақ тарихымызды бұрмалауға қарсы біріккен іс-қимыл үшін екі мемлекет өз күш-жігерін біріктіруі қажет екенін атап өтті.


Вручение благодарности


Кездесу соңында А.В. Сидорович Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкинге осынау қызықты және мазмұнды әңгімесі үшін алғысын білдірді. Студенттермен және университет қызметкерлерімен мазмұнды сұхбат құрып, арнайы келгені үшін Филиалдың Алғыс хатын табыс етті. Сонымен бірге директор А.В. Сидорович М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдары жинақтарының сериясын сыйға тартты.


Сборники конференций



Мәтін: Наталья Афанасьева

Фото: Кристина Байрактар (Фотогалерея)


>>> Кездесу туралы хабарлама Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің сайтында


>>> Нұр-Сұлтандағы Русский дом парақшасында мақала

>>> Sputnik ақпараттық агенттігінің сайтындағы ақпарат