2022 жылғы 1 наурыз күні ММУ Қазақстан филиалының филолог студенттері көрнекті әдебиеттанушы, семиотик және мәдениет тарихшысы Юрий Михайлович Лотманның 100 жылдығына арналған «Ю.М. Лотманның жеке тұлғасы мен шығармашылығы» атты кеңейтілген арнайы семинар ұйымдастырып өткізді.
Аталған кездесу «Филология» бағытының 2 курс студенттеріне арналған арнайы семинарлар аясында өтькізілді. Кездесуді филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И.Власова құттықтау сөзбен ашты. Филология кафедрасының профессоры Т.В.Кривощапова өз сөзінде Ю.М.Лотманның орыс мәдениеті мен әдебиетінің, семиотика және философияның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы айтты.
Арнайы семинарда студенттер Ю.М. Лотманның кітаптары мен мақалалары бойынша жүргізген талдаулары негізінде ғылыми-зерттеулер жүргізіп, ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар жасады. Студенттер Ж. Жакупова мен Ж. Маратова Б.Ф. Егоровтың «Ю.М. Лотманның өмірі мен шығармашылығы», Е. Постнова болса Л. Столовичтің «Юрий Михайлович Лотман туралы естеліктер» мақаласы негізінде баяндама жасады. Ал А. Кузнецова мен Д. Морозов Ю.М. Лотманның әйгілі «Мәдениет және жарылыс» кітабының материалдары бойынша баяндама дайындады.
Арнайы семинарға «аға достар» ретінде «Филология» бағытының 4 курс студенттері Д. Фогель мен И. Иванов қатысты. Д. Фогель «Ю.М. Лотманның қалалық мәтінді зерттеуге әсері» тақырыбында, И. Иванов «Орыс ортағасырлық мәтіндеріндегі географиялық кеңістік концепциясы» тақырыбында тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманы дайындауда И. Иванов Ю.М. Лотманның мәдениет семиотикасына арналған еңбектерін тірек етті.
Кездесудің соңында филология кафедрасының доценті Г.П.Байғарина студенттердің жасаған баяндамалары туралы қорытынды жасап, ММУ ҚФ филология факультетінің студенттері үшін кеңейтілген арнайы семинарлар өткізу дәстүрге айналады деп сенім білдірді.
Фото: Филология кафедрасы