«EY Audit Adventure» – жоғары курс студенттеріне арналған EY аудит бөлімі жыл сайын бірнеше апта бойы өткізетін бүкілресейлік командалық онлайн-байқау. ММУ ҚФ-ның “Smart Moles” командасының құрамына «Экономика» бағытының 4 курс студенттері Жәмиля Бейсенбаева, Дина Мағажанова, Дмитрий Останькович және Әмір Сүлейменов болды.
Кейс-чемпионат дегеніміз – көңілдегі толқулар, қызығушылық пен жеңіске деген ұмтылыс. Мұндай байқауға қатысу студенттерді түрлі сезімдерге бөлейді, кейде барлығынан бас тартқысы келетін сияқты болса, кейде мінсіз бухгалтерлік жазбаны таңдағаны үшін шексіз бақытты болу сезімін бастан кешіреді. Чемпионаттың ерекше бастауы ХҚЕС (Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары) және ағылшын тіліндегі кіру сынақтары арқылы танылды. Бұл кезеңде Қазақстан филиалының командасы өз бәсекелестерінен оза алға шықты. Әр тапсырманы орындау уақытына қатаң шектеу болған еді, нақ осы кезеңде сіз өзіңіздің дайындық деңгейіңізді биіктен көрсетуге мүмкіндік болады.
Осыдан соң бірнеше күннен кейін барлық командалар екі лекке бөлінді. Біздің команданы бірінші лекке бөлді, сондықтан біз бірінші кейсті де ертерек алдық. Мұндай кейс екеу болды. Тапсырма нақты компанияларды ала отырып, аудиттік мәселелерді шешу болды. Тапсырма, бір қарағанда, өте қиын емес сияқты болса да, жұмыс барысында, әсіресе ХҚЕС ережелеріне және олардың қолданылуына қатысты көптеген «түйінді нәрселер» бар екені анықталды. Мәліметтердің «түбіне үңіле білу керек болды», балансты теңдестіру керек болды, қажетті түзетулер енгізу керек болды.
Нәтижесінде, әрбір команда компания менеджерінің алдында өз шешімін қорғауы керек болды. Менеджерлер ұпайлар қойып, оларды қорытынды жиналыс алдында қорытындылады. Өзіміз күткен жеңісіміз туралы естіген кезде, біз ерекше мақтанышты және орындаған жұмысымызға деген қанағаттанушылықты сезіндік. Мен өз уақыты мен күш-жігерін жеңіске жету жолында жұмсаған ұжымым үшін шын жүректен мақтанамын. Біз күнде университетте сабақтан кейін және демалыс күндері отырып, тапсырмалар орындайтынбыз. Ісіміз оңға басты, еңбегіміз бекерге кетпеді! Біз тірегі зор болған білім берген және өзімізді аудит саласындағы болашақ мамандар ретінде көрсетуге мүмкіндік берген университетімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Чемпионат жеңімпаздары ретінде бізге тамаша сыйлықтар берілген еді, олар – EY кеңсесіне саяхат, серіктеспен ланч, “High Priority Candidate” деген тағылымдамадан өтуге және EY орнында ашық бос жұмыс орындарына кейінгі іріктеуде артықшылық беретін сертификаттар.
ММУ ҚФ командасы екінші рет «EY Audit Adventure» кейс-чемпионатының жеңімпазы атанды. Осы «дәстүрді» біздің студенттер болашақта да жалғастырса нұр үстіне нұр болар еді! Өйткені осылайша ММУ Қазақстан филиалы түлектерінің жоғары деңгейде кәсіби білім алатынын көрсетуге болады.