20.04.2022

Жасампаздық және алға жүру: ММУ Қазақстан филиалында «Ломоносов-2022» студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың XVII Халықаралық конференциясы болып өтті


«Ғылым – ойдың ғасырлар бойы үзбей атақаратын жұмысы – ал Филиал қабырғасында жыл сайын өтетін «Ломоносов» конференциясы студенттер мен магистранттарға осы жаһандық және үздіксіз процестің бір бөлігі болуына мүмкіндік жасайды.


Бүгінгі «Ломоносов» Халықаралық конференциясы – сапалы ғылыми коммуникация, бетпе-бет және шынайы өзекті зерттеу бағыттары, қатысушылардың кеңейген географиясы және жарияланымға ұсынылған жұмыстардың жоғары академиялық деңгейін танытатын беделді ғылыми алаң.

 

Сидорович А.В.


Конференцияға қатысушыларды ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор Александр Владимирович Сидорович: «Әлеміміздің танылатын құбылыстарының барлығын жүйе арқылы біртұтас етіп біріктіру»,– деген ұлы Альберт Эйнштейннің сөзімен бастап құттықтады. Директор өз сөзінде жас ғалымдардың жаңа буыны қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени прогресіне үлес қосады деген сенімін білдірді.


А.В. Сидорович конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі А.Қ. Аймағамбетовтың атынан құттықтау сөзін оқыды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкиннің құттықтауларын оқып, оның Филиалдың ғылыми қызметіне кеңінен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті:


«Құрметті «Ломоносов-2022» конференциясының қатысушылары, сіздерді осы маңызды ой алмасу алаңы жұмысының басталуымен құттықтаймын! Қазақстанда жас зерттеушілердің «Ломоносов» Халықаралық конференциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Оның ұйымдастырушысы – өткен жылы 20 жылдығын атап өткен Мәскеу университетінің үздік филиалдарының бірі – ММУ Қазақстан филиалы. Жыл сайын студенттер тарапынан конференцияға қызығушылық артып, оған қатысушылардың географиясы үнемі кеңейіп келе жатқаны қуантады. Конференцияға көптеген қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ көршілес елдердің университеттерінің жас зерттеушілері қатысуда. Сіздерге Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы көрнекті жетістіктері үшін ТМД шеңберінде жыл сайынғы М.В. Ломоносов атындағы сыйақы тағайындау туралы ұсынысының қарастырылып жатқаны туралы қуана хабарлаймын».




Конференцияға қатысушыларға М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик Виктор Антонович Садовничий онлайн форматта құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға ғылыми ой алмасу барысында табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тіледі. Ректор өз сөзінде Қазақстан филиалында «Ломоносов» конференциясының өтуі Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға септігін тигізетінін және жас ғалымдардың заманауи ғылыми бағыттағы бірлескен зерттеулерінің негізін қалайтынына назар аударды.


Приветствие декана факультета ВМК МГУ Соколова И.А.


Конференция қатысушыларына онлайн режимде Мәскеу университетінің факультет декандары да өз құттықтау лебіздерін жолдады. Олардың қатарында Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент мүшесі Шафаревич Андрей Игорьевич, Есептеу математикасы және кибернетика факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі Соколов Игорь Анатольевич, филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Липгарт Андрей Александрович, география факультетінің деканы, география ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі Добролюбов Сергей Анатольевич сынды ғалымдар математика, информатика, география, экономика және филология салаларында жоғары білікті мамандарды даярлаудағы Филиалдың зор үлесін атап өтті.


Участники


Конференция 6 секция бойынша жұмыс жасады, барлығы 250-ден астам баяндама оқылды. Конференцияға Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары және М.В.Ломоносов атындағы ММУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының филиалы, Ф.Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы) және Қазақстанның басқа да жетекші жоғары оқу орындарынан баяндамашылар қатысты.




«Ломоносов-2022» студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың XVII конференциясында оқылған үздік баяндамалар шараның жабылу салтанатында ерекше аталып өтілді, жүлдегерлер дипломдармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.




 

[Ары қарай оқу…]