16.06.2022

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы «Экономика» бағытының магистранты жыл сайынғы Республикалық 7М04103 «Экономика» секциясы бойынша СҒЗЖ конкурсының жеңімпазы атанды


2022 жылғы сәуір айында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жыл сайынғы Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының II кезеңі болып өтті. Қазылар алқасының нәтижелі шешімі бойынша ММУ Қазақстан филиалының («Қаржылық талдау» бағдарламасы) түлегі Айдана Әбілқасымова «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайындағы ақша-несие саясатының ерекшеліктер» атты ғылыми жұмысы үшін Министрліктің III дәрежелі Дипломымен марапатталды (ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., М. В. Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің саяси экономика кафедрасының доценті – Миклашевская Нина Анатольевна).


Айдана Абилкасимова


Байқау нәтижелері туралы толығырақ Yessenov University ресми парақшасында (https://yu.edu.kz/ru/news-and-events/) танысуға болады..