М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

«Филология» бағытының 3 курс студенттері студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздары атанды



«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» ҰАО-да 6В01702 (5В011800) «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша НИРС байқауының қорытынды кезеңі болып өтті. 2022 жылы конкурс комиссиясына 24 жұмыс келіп түсті, оның ішінен үш үздік жұмыс іріктеліп таңдалынды.


Бадаева Настя


І дәрежелі диплом Анастасия Бадаеваға «Әдеби мәтіннің фоносемантикалық талдауы (Б.Л. Пастернак прозасы материалдарының негізінде)» атты ғылыми жұмысы үшін берілді. Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, ММУ ҚФ филология кафедрасының доценті С.М. Треблер.


Панёва Дарья


ІІІ дәрежелі диплом Дарья Панёваға «Андрей Рубановтың «Финист – жарқын сұңқар» романының фольклорлық және мифологиялық мәнмәтіні» атты ғылыми жұмысы үшін берілді. Ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, филология кафедрасының профессоры Г.И. Власова.


>>>Конкурс хаттамасы


Біз жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, оларға жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.