ММУ Қазақстан филиалының «Математика» бағытының түлегі Дінмұхаммед Ақпан ММУ механика-математика факультетінің «БАЗИС» Теориялық физика мен математиканы дамыту қорының стипендиясының иегері атанды.
«БАЗИС» қорының бағдарламалары Ресейдегі теориялық физика мен математиканы жүйелі және жан-жақты қолдауға, ресейлік ғалымдар мен педагогтердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруге, осы саладағы ғылыми қызмет пен білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Қор бағдарламаларының бірі – механика-математика факультетінің магистратура және аспирантурасына түсушілерге арналған шәкіртақы конкурсы. Байқаудың мақсаттары дарынды студенттер мен аспиранттарды ММУ механика-математика факультетінің магистратурасы мен аспирантурасына тарту, ғылыми жұмысқа, білім алуға, диплом жазуға және диссертацияны дайындауға мүмкіндіктер беру болып табылады.
2022 жылғы байқау жеңімпаздарының толық тізімін көру үшін мына жерді басыңыз:
Қазақстан филиалының ұжымы Дінмұхаммед Ақпанды құттықтап, оған алдағы уақытта биік кәсіби шыңдарға шығып, ғылыми және шығармашылық табыстарға бөлене беруіне тілек білдіреді!