07.11.2022

ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Цифрлық трансформация дәуіріндегі дағдылар мен құзыреттер» тақырыбындағы дәрісі және Министрдің Филиал ұжымымен кездесуі болып өтті



2022 жылғы 4 қарашада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессор-оқытушылар құрамымен, магистранттарымен және студенттерімен кездесу өткізді, Министр «Цифрлық трансформация дәуіріндегі дағдылар мен құзыреттер» тақырыбында дәріс оқыды.



Кездесуді аша отырып, Министр ММУ Қазақстан филиалының ұжымын жеке ғимарат алуымен құттықтады. Министрлік тарапынан университеттің оқу корпусын дамытуға оны дамытуға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен бірге ол атап өткеніндей, ММУ Қазақстан филиалына ерекше жүктелген міндетті орындауға келіп отыр. Министр Саясат Нұрбек Филиал директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В.Сидоровичке «Парасат» жоғары мемлекеттік наградасын тапсырды. Атап кететін жаңалық – «Парасат» ордені директорға Республика күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді.




Министр: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Александр Владимирович елімізде ғылым мен жоғары білімді дамытуға, бауырлас елдер арасындағы гуманитарлық, әлеуметтік, білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Парасат» жоғары орденімен марапатталды. Бүгін мен Мемлекет басшысының атынан келдім, бұл жеке Александр Владимировичтің және экономикамызға тамаша кадрлар дайындап жатқан Филиалдың сіңірген еңбегінің мойындалғанын көрсетеді, – деді.

А.В.Сидорович өз жауабында Қазақстан Республикасының Президент Қ.К.Тоқаевқа және Министр С.Нұрбекке алғысын білдірді.

 




– Бұл марапат ММУ Қазақстан филиалы мен Мәскеу университетінің Қазақстандағы рөлін мойындау болып табылады. Бұл – біздің ұжымның еңбегін мойындау. Сапалы әрі заманауи білім бере отырып, дұрыс жолда екенімізді мойындау. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр, ол – Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалының атын болашақта жаңғыртатын ғылым мен білімнің құдіреті мен сұлулығын бойына сіңіре беруі үшін жұмысты жалғастыру, – деп атап өтті директор А.В. Сидорович.




Одан әрі Министр ММУ Қазақстан филиалының ұжымына дәріс оқып, онда еліміздің аймақтарында шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдарының ашылуы және жаңа профессорлық-оқытушылық кадрларды даярлау қажеттілігі туралы айтты. Министр С.Нұрбектің айтуынша, қазіргі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыратын цифрлық оқыту моделін енгізу. Дәріс оқу барысында Министр қазіргі болмыстың ерекшеліктерін сипаттауға ерекше назар аударды, мұнда адам бірден екі өлшемде, яғни физикалық және виртуалды түрде өмір сүруі керек, бұл жағдай, өз кезегінде оқу процесінде ерекше өзгерістерді туындатады.


– Заманауи адамның жетістігі бір маңызды дағдыға негізделген, ол – зейінді шоғырландыра білу. Мұның өзі ақпарат ағындары назарды басқа жаққа аударуға ықпал ететін осынау цифрлық дәуірде өте маңызды. Біздер, педагогтер, бүгінде осы шоғырланған назар үшін ірі жаһандық корпорациялармен бәсекелесеміз. Жетістікке жету үшін оқушылардың зейінін шоғырландыру дағдыларын дамытып, өскелең ұрпаққа ақпаратты барынша тиімді жеткізетін осындай оқу алаңдарын құруымыз қажет, – деді Саясат Нұрбек.



       



Министр Саясат Нұрбекті оқыған дәрісін тыңдаушылар ерекше қызығушылықпен қабылдады. Студенттер Министрге цифрлық университет жобасын жүзеге асыру, мектепте кәсіптік бағдар беруді жақсарту қажеттілігі, іргелі білімнің маңыздылығы туралы сұрақтар қойды. Министр Саясат Нұрбек студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, өзінің өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді, пайдалы кітаптар мен фильмдерді ұсынды.


Кездесу соңында А.В.Сидорович Министрге заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің басын қозғаған терең мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол заманауи білім беру саласында цифрлық технологияларды анағұрлым байыпты дамыту қажеттілігіне қарамастан, жанды қарым-қатынасты – тұлғаның тұлғамен қарым-қатынасын ештеңе алмастыра алмайтынын атап өтті.

 

Фото: А. Ахметуллин