22.11.2022

Ұлттық музейге экскурсия


2022 жылғы 29 қазанда профессор С.Ш. Аязбекова мен доцент Т.В. Мұстафинаның жетекшілігімен «Экономика» бағытының 1 курс студенттері Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды.




Экскурсияда студенттер Алтын залдарда, Ежелгі тарих және этнография залында болып, заманауи қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған Қазіргі өнер залын аралады..


Ұлттық музейден келген соң студенттерге эссе жазу тапсырылды. Олар өз шығармаларында мұражай экспозицияларының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихты таңбалаған байлығын, пайдаланылған ең озық технологияларды атап өтті. Әсіресе, Алтын залдардағы экспонаттар үлкен қызығушылық тудырды. Мұражайда екі Алтын зал бар, олардың бірінен студенттер «Алтын адамды» өз көзімен көрді. Өткен ғасырдың 70-жылдары Есік қорғанының қазба жұмыстары кезінде табылған «Есік Алтын адамы» бүгінде бүкіл әлемге белгілі «Алтын адам» немесе «Алтын киімді сақ жауынгері» қазіргі Қазақстанның басты символдарының бірі болып табылады.






Ұлттық музейге жасалған экскурсия студенттердің университетте оқу кезінде алған Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы теориялық білімін жүйелеуге тірек болады.