05.12.2022

Филиал директоры профессор А.В. Сидорович Халықаралық деңгейде өткізілген «Саяси экономияның дүниетанымдық мәселелері: заманауилық және өзектілік» тақырыбындағы Бүкілресейлік ғылыми конференция жұмысына қатысты



2022 жылғы 25 қарашада Қаржы университетінде Халықаралық деңгейде өткізілген «Саяси экономиканың дүниетанымдық мәселелері: заманауилық және өзектілік» тақырыбындағы Бүкілресейлік ғылыми конференциясы болып өтті. Бұл іс-шара Қаржы университетінің Құрметті Президенті, Ресей Федерациясының ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Алла Георгиевна Грязнованың 85-жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілді.




Ғылыми пікірталас аясында ресейлік және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері саяси-экономикалық зерттеулерді трансформациялаудың мүмкіндіктері мен бағыттары туралы мәселелерді талқылады. Осынау өзгермелі дүниедегі ғылым мен білімнің қызмет ету модельдері мен тетіктері туралы ойларын ортаға салды.


Филиалдың директоры, ММУ құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Ол «Экономикадағы «оңтайлы синтез» және саяси экономиканың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.



Фото: Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті