2023 жылғы 3 ақпанда ММУ Қазақстан филиалы Астанадағы «Русский дом» мекемесімен бірлесе отырып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Біз сені сақтаймыз, орыс тілі, ұлы орыс сөзі» тақырыбындағы дәстүрлі олимпиада ұйымдастырды. Олимпиадаға Астана және Теміртау қалаларының мектептерінен 11 сыныптың 50 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың ашылуы Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Филонова Ольга Александровнаның құттықтау сөзімен басталды. Ол құттықтау сөзінде: «Олимпиада – жай ғана білім сынағы емес. Бұл, ең алдымен, сіздің дағдыларыңызды, мәселені терең тани білу, оларды талдау, тар аяда қалып қоймай, кең ойлау және шығармашылық шешім қабылдау қабілетіңізді сынау болып табылады. Мұның бәрі сіздерге ересек өміріңізде пайдалы болады. Ертеңгі күні жас маман болған кезде бәсекелестік ортада ең үздік екеніңізді күн сайын дәлелдеу қажет кездер болады. Сондықтан сіздердің басты жеңістеріңіз – олимпиадалардағы жеңістер емес, болашақта алған білімдеріңіз бен қабілеттеріңіз сізді жоғары санатты маман ретінде сұранысқа ие ететін сол жердегі табыстар». Филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Галина Ивановна Власова мен кафедра профессоры Татьяна Васильевна Кривощапова сөйлеген сөздерінде олимпиаданы өткізудің маңыздылығы туралы айтты.
Олимпиада екі конкурстық бағыт бойынша өтті. Қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларына эссе және оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларына шығарма жазу, сонымен қатар қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларына лингвомәдени және оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларына мәтіне лингвистикалық талдау жасау тапсырмалары орындатылды.
Қатысушылардың жұмысын ММУ Қазақстан филиалының оқытушы-филологтары арасынан құрылған сараптама комиссиясы бағалайды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, грамоталармен аталып өтіледі. Олимпиада нәтижелері мен жеңімпаздардың есімдері 15 ақпанда Астанадағы «Русский дом» әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ ММУ Қазақстан филиалының сайтында жарияланады.