2023 жылғы 7 ақпанда «Экономика» бағытының 3 курс студенттеріне арналған «Статистикалық көрсеткіштердің әдістемесі және талдауы» пәні бойынша бірінші дәріс өткізілді. Бұл пәннің ерекшелігі оны Ұлттық статистика бюросының мамандары әзірлеп, Филиалда жүзеге асыратындығында.
Алғашқы дәрісті ҚР АСАПиР Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК аналитикалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры Жаңабеков Сәрсен Жангелдіұлы жүргізді. Дәріс барысында студенттер ұлттық статистика жүйесі туралы, статистиканы қалыптастыру процесі туралы, осы мемлекеттік органның алдында тұрған өзекті міндеттер туралы білді.
Алдағы уақытта студенттерді Қазақстанның ресми статистикасын пайдалана отырып, статистиканы қалыптастыру және қолдану бойынша нақты жағдайларды пайдалануды қажет ететін толыққанды курс күтуде.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мамандарына алғысымызды білдіреміз. Ал студенттерге бюро мамандарымен қарым-қатынас орнатып, одан мүмкіндігініше мол білім игеріп шығуын тілейміз!