20.03.2023

Көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында ММУ Қазақстан филиалында мерекелік концерт болып өтті


Наурыз – көктемдегі Күн мен Түннің теңелетін күні. Бұл күні табиғаттың қыстың тонын шешіп, көктемнің көгілдір көйлегін киіп, жылы шуағымен адамдардың жүрегіне тыныштық пен жақсылық ұялататын күн болып саналады. Бұл күн - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылықтың және достықтың салтанат құруының символы.




2023 жылғы 17 наурыз күні ММУ Қазақстан филиалының қазақ тілі оқытушылары секциясының ұйымдастыруымен Филиалдың барлық оқу бағыттарының студенттері дайындаған дәстүрлі мерекелік концерт болып өтті.




Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған құттықтау сөзінде Қазақстан филиалдың директоры, ММУ еңбек сіңірген профессоры А.В. Сидорович мереке күндері әрқашан туыстары мен достарының ортасында болуды тіледі.









Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған құттықтау сөзінде Қазақстан филиалдың директоры, ММУ еңбек сіңірген профессоры А.В. Сидорович мереке күндері әрқашан туыстары мен достарының ортасында болуды тіледі.





«Экономика» бағытының 1 курс студенттері «Сырға салу» дәстүрін сахналады, ал «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенттері «Неке қию» салтын көрсетті. Беташар». «Г-21» тобының ару қыздары ұлттық биден шашу шашса, «Экономика» бағытының студенттері көктем вальсын билеп, көрермендердің көңілімен көзін қуантты.




Филологтар Наурыз мейрамының тарихын барлап, Күн, Түн және Жер-ана бейнелерінде «Күн мен Түн» қойылымын көрсетті.







Ал математика пәнінің студенттері әсем ән айтып, әдемі өлең оқып, ежелгі көшпенділердің дәстүрлі өлшем бірліктері туралы «Математика» бағытының 1 курс студенті Алмаз Сейтхазин қазақ және орыс тілдерінде баяндама жасады.






Студенттер тірі қызғалдақ гүлдерін таратып, «Шашу шашып», залды мерекелік көктемгі атмосфераға толтырды. Концерттің соңы дәстүрлі «Наурыз думан» әнімен аяқталды, оны концертке қатысушылар да, залдағы көрермендер де барлығы қосыла шырқады!


Көктем мерекесі құтты болсын!

Фото: К.С. Байрактар