М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Филиалдың студенттері Ғылым күніне арналған конференцияға қатысты


2023 жылғы 12 сәуір күні Есіл университетінде «ХХІ ғасыр жастары мен ғылымы: шындықтар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, оған «Экономика» бағытының 2 және 3 курс студенттері қатысты.


Общий снимок


«Ұлттық экономикаларды дамытудың өзекті мәселелері» секциясы жұмысының қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері Филиал студенттерінің баяндамадарын жоғары бағалап, жүлдері орындармен марапаттады:


1 орын – Валентина Белова (Э-21). Баяндамасы «Қазақстандағы негізгі капиталды инвестициялау динамикасы мен құрылымы» деп аталады;


2 орын - Анастасия Белякова (Э-31). Баяндамасы «Қазақстан Республикасындағы инфляция факторлары» деп аталады;


Нұржанова Дильназ Құрмет грамотасымен марапатталды (Э-31). Баяндамасы «Заманауи жағдайда Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің даму факторлары» деп аталады.


диплом Белова  Диплом Белякова


АХ_Нуржанова


Ғылымда жаңа жолдарын бастаған жас ғалымдарды құттықтаймыз, олардың ғылыми ізденістерін үзбей жалғастырып, жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектеспіз!


Конференцияны ұйымдастырушыларға өз алғысымызды білдіреміз!


Мәтін және фото: Экономика кафедрасы

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.