2023 жылғы 13 сәуірде ММУ Ереван қаласындағы филиалда студенттердің, аспиранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияда ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары курстық жұмыстары мен дипломдық қорытынды біліктілік жұмыстарын жазу барысында алған ғылыми-зерттеулерінің нәтижелерінің негізінде баяндама жасады.
Конеренцияның Пленарлық отырысында «Экономика» мамандығының екінші курс магистранты Лейла Джунусова «Орталық банктердің сандық валюталары: әлемдік тәжірибе және Қазақстанда енгізілуі» тақырыбында баяндама жасады.
«Экономика» секциясының жұмысына 1 курс магистранттары Жәмилә Бейсенбаева («Цифрлық теңге: енгізудің алғышарттары және әлеуетті қауіптер») және Айсұлу Халиева («Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғауды жақсарту бағыттары») қатысты.
«Қолданбалы математика және информатика» секциясында осы аттас бағытта оқитын 4 курс студенттері Валерия Абдрахманова («Циклды ұяшықтарды параллелизациялау үшін өзгерту»), Бекзат Бухатов («PDF форматындағы құжаттардың мәтіндік қабатының дұрыстығын тексеру»), Никита Логвин («Сызықтық емес тасымалдауға арналған бөлшектердің үзіліссіз әдісі», Анастасия Пак («Айнымалылардың аз санының логикалық алгебрасының мультиаффинді функциялары туралы»), Аида Сағандықова («Бір тұйық жиындағы төрт мәнді логиканың функциялары туралы») баяндама жасады.
«Тіл білімі» секциясында «Филология» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттер мен магистранттар, атап айтқанда, Алена Нобель («Жалқы есім рефлексиялың нысан ретінде (қазақстандық медиадискурс материалы бойынша)»), Диана Костишина («Әдепкі қалыптағы семантиканы білдіретін лексикалық құралдар»), Рамина Закирова («А.П. Чеховтың «Сахалин аралы» кітабы саяхат жазбалары жанры ретінде»), Алина Иванова («Ф.Н. Глинканың «Жұмбақ тамшы» поэмасындағы Христостың туған күні туралы аңыздар)”), Мәдина Қадырбаева («Тұжырымдама» термині: теориялық негіздеу»), Карина Сейфуллина («Қазақстандық әңгімелердегі қазақ және кеңестік шындықтар»), Әділ Чумажанов («Ресей мен Қазақстанның бұқаралық медиаларындағы кибербуллинг»), Гүлмира Шәріпханова («Мәтінге түсіндірме жасау – сөйлеуді дамыту немесе оны жаңғырту құралы ретінде»), Лаура Байжанова («Telegram мессенджеріндегі медиа мәтіндерге лексикалық талдау (Ресей мен Қазақстандағы арналар мысалында)»), Әлия Сыздықова («Мультимедиалық мәтін: заманауи кеңістіктегі ерекшеліктері мен маңызы») баяндама жасады.
Қазақстан филиалының атынан конференцияға қатысқан барлық студенттер мен магистранттарға сертификат берілді.