03.05.2023

«Қазіргі білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Орыс тілінің ТМД елдеріндегі ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі жылына арналып өткізілді


2023 жылғы 28 сәуір күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.




Конференцияның мақсаты Қазақстандағы іргелі филология ғылымы мен русистиканың дамуындағы заманауи үрдістерді тану; Қазақстанның көпмәдениетті білім беру ортасында тілдерді зерттеу мен оқытудың келешегі мен бағыттарын талқылау; ресейлік және қазақстандық ғалымдардың филология ғылымы мен филологиялық білім беру мәселелерінің іргелі және қолданбалы мәселелері бойынша тәжірибе алмасуы және осы бағыттағы жұмыстарын үйлестіру болып табылады.


Конференцияның жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізілді: «Қазіргі филология ғылымы дамуының өзекті бағыттары мен парадигмасы», «Қазақ тілін оқытудың заманауи ғылыми және білім беру мәселелері», «Жоғары оқу орындарындағы шет тілдері: лингводидактика, аударматану, салыстырмалы зерттеу». Конференцияға жүзге жуық баяндамашылар қатысты, олар М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің және ММУ Қазақстандағы филиалының жетекші оқытушылары мен Ресей, Қазақстан және Беларусь университеттерінің тіл білімі, әдебиет, орыс тілі, қазақ тілі және ағылшын тілін оқыту әдістемесі салаларындағы көрнекті қазақстандық зерттеушілер мен оқытушылар қатысты.


Сидорович А.В.


Өзінің құттықтау сөзінде Филиал директоры, ММУ құрметті профессоры А.В. Сидорович конференция жұмысына сәттілік тілеп, филология кафедрасының орыс және қазақ тілдерін зерттеу мен оқытудағы өзара бірін-бірі байыта отырып, қол жеткен жетістіктерін, мемлекеттік тілді барлығының меңгеруінің ерекше маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар ТМД елдерінің ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланған орыс тілін сақтау және дамыту туралы атап өтті.




Қазақстан филиалының атына Халықаралық славяншылар комитетінің мүшесі, МАПРЯЛ президиумының мүшесі, ҚазПРЯЛ президенті, профессор Е.Д. Сүлейменова өзінің сәлемін жолдады. Онда Қазақстан филиалының филология кафедрасы қызмет еткен жылдары екі және көптілді Қазақстан жағдайында орыс тілі мен әдебиетін сақтау мен дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Қарқынды өзгерістер мен инновациялар жылдарында өте қажет ақпараттық және ғылыми өрісті құра алғанына айрықша тоқталды.




Филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова «М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында филологиялық пәндерді (орыс тілі мен әдебиетін) оқыту» тақырыбы бойынша баяндама жасады, онда университетте студенттер оқитын негізгі және вариативті бөлімдердің пәндерінің толық сипаттамасы туралы айтылып, «Филология» бағыты бойынша кафедра оқытушылары әзірлеген арнайы курстар мен арнайы семинарларды ерекше орындарын атап өтті, олар студенттік аудиторияда сынақтан сәтті өтіп, қазіргі орыс тілін, медиамәтінін, Қазақстандағы қазіргі әдеби процесті зерттеуге тың серпін беретініне Г.И. Власова баса назар аударды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Н.Ж. Шаймерденова «Орыс және қазақ тілдерінің байланысы жағдайында лексикалық бірліктердің семантизациясы» тақырыбындағы Пленарлық баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде өз қызметін Қазақстанда бастап, қазақ тілінде білім алған белгілі қазақ тіл ғалымдарының тұтас бір буынының өмірбаяны мен ғылыми қызметіне көп көңіл бөлді.




Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры С.Д. Әбішева «Интермедиалды мәнмәтіндегі көркем шығарма» атты баяндама жасады, онда көркем мәтінді зерттеу саласындағы заманауи тұрғыдан өзекті бағыттардың біріне талдау жасады.


ҚР БҒМ ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының доценті, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі С.В. Ананьева Пленарлық баяндамасында қазақстандық орыс жазушысы Морис Симашконың шығармашылығына үлкен көңіл бөлінді. Сонымен қатар филология кафедрасының профессорлары Г.И. Власова және Т.В. Кривощаповаға «Қазіргі әдеби процесс» оқулығын шығарғаны үшін өз алғысын білдірді.




Пленарлық мәжіліс соңында қатысушылар секциялардың жұмыстарына қашықтан қосылды. Секциялардың жұмысына Астана, Мәскеу, Алматы, Орал, Көкшетау және Ресейдің, Қазақстан мен Беларусьтің басқа қалаларынан қосылған баяндамашылар теориялық, практикалық және әдістемелік сипаттағы филологиялық мәселелерді көтеріп, орыс тіл білімі, қазақ тіл білімі және ағылшын тілі білімінің филологиялық процестерін қамти отырып, өз пікірлрін ортаға салды.


Осы «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы» атты конференцияның жұмысы нәтижелі болуы ғалымдардың өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, теориялық және әдістемелік әзірлемелерді талқылап, жас зерттеушілерге аға ұрпақ тәжірибесін үйренуімен байланысты жоғары деңгейде өткізілді.


Конференцияға қатысқандар ММУ Қазақстан филиалына, конференцияны ұйымдастырушыларға ғылыми идеялар мен әдістемелік тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін шынайы ризашылықтарын айтты және осы конференцияның дәстүрлі конференциялар қатарына енуіне тілектерін білдірді.

 




Фото: Кристина Байрактар