Заманауи еуразияшылдықты ой елегінен өткізу: Астанадағы ММУ Қазақстан филиалында ғылыми конференция болып өтті
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. ММУ Қазақстан филиалында өткен «Еуразия әлемі: тарих, мәдениет, құндылықтар» атты халықаралық конференцияда жеті елден келген сексеннен астам қатысушылар баяндама оқыды.
Конференцияға қатысушылар планетаның ең үлкен құрлығын білдіретін халықтар мен ұлттардың тарихи-мәдени және рухани бірегейлігі мәселелерін қарастырды.
«Заманауи күрделі әлемде еуразия халықтарының тарихы мен тарихи-мәдени мұрасын, еуразиялық кеңістікті біріктіретін құндылықтар мен идеяларды түсіну, мәдениетаралық коммуникациялар саласында еуразиялық кеңістіктегі заманауи интеграциялық үдерістердің даму тенденциялары мен перспективаларын талқылау, білім беру, ынтымақтастық ерекше маңызға ие болып отыр», - деді ол өзінің құттықтау сөзінде ММУ ректоры Виктор Садовничий.
Еуразиялық университеттер қауымдастығының президенті Садовничийдің айтуынша, ұйымның съезінде ұйымдар Үлкен Еуразия елдерінің ғалымдары арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен қызметінің маңызды екендігі атап өтілген.
Конференцияда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті ҚР ҰҒА Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдумановтың құттықтау сөзі оқылды. «Қазіргі жағдай жаһандық сын-қатерлерді тудырып отыр, ол сын-қатерлерге тек еуразиялық қауымдастықты және ежелден ортақ еуразиялық тағдыр біріктірген халықтардың рухани әлеуетін жандандыру арқылы ғана жауап беруге болады», - делінген құттықтау сөзде. Сондықтан ғалымдар бұл қиындықтарды бірлесіп еңсеруі керек екендігін Ғылым министрлігінің өкілі атап өтті.
«Бүгін біз жаңа қиындықтар, жаңа қақтығыстар, еуразиялық кеңістікте жаңа аймақтардың нығаюы кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Еуразияшылдықтың жаңа негіздерін іздейтін жағдайлар қалыптасты.Бұл ғылыми қоғамдастықтан еуразиялық әлемнің даму ұстанымдары мен жолдарын біріге іздеуін талап етеді», - деді Александр Сидорович.
Конференцияның ұйымдастырушылары - М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты.
Конференцияға жоғарыда атап өтілгеніндей, 7 елден 80-нен астам баяндамашы қатысты. Олардың ішінде Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен белгілі ғалымдар, институттар мен ғылыми орталықтардың директорлары, РҒА және ҚР ҰҒА академиктері, Мәскеу университетінің факультет басшылары, Қазақстанның, Ресейдің және басқа елдердің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары қатысты.