2023 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері, ЖОО оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович аталған кездесуде «Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы және қазақстандық қоғамның жаңа моделіне көшу» тақырыбында баянда ма жасады, оны сарапшылар үлкен қызығушылықпен және ілтипатпен қабылдады. Өз сөзінде профессор Сидорович А.В. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы халықтың, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының игілікті әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі шешуші әрекеттерге бағытталған қазақстандық қоғамдағы ауқымды қайта құрулардың жаңа кезеңі екенін атап өтті.
Спикерлер ерекше назар аударғанындай, Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы қызметтің бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалануға негізделетін болады, жалпыұлттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа нысандары қарастырылатын болады.