02.10.2023

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында «Қазақ тілін үйрететін мобильді қосымшалардың тиімділігі» тақырыбында семинар болып өтті



2023 жылғы 28 қыркүйекте филология кафедрасының қазақ тілі секциясының оқытушылары Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандарымен бірігіп ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды. Шақырылған мамандар – Абай институтының меңгерушісі Айгүл Орманова және TiL Hub бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Бақытқызы.




Семинарға «Филология» және «Экология және қоршаған ортаны пайдалану» бағыттарының 2 курс студенттері мен Филиалдың оқытушылары қатысты. Қонақтарды директордың ғылыми жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, профессор Р.Ж. Әбділдина таныстырып, кіріспе сөз сөйледі. Сондай-ақ құттықтау сөз сөйлеген филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И. Власова Қазақстан филиалының қазақ тілін оқыту әдістемесіне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.






Өз сөзінде А. Орманова «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жанында құрылған Абай институтының жобаларына тоқталды. Аталған жобалардың мақсаты – қазақ тілі мен қазақ мәдениетін дамыту және насихаттау. Мемлекеттiк тiлдi оқыту бағдарламаларының жалпыға бiрдей қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету қаеттігі туралы айта отырып, сөйлеуші осыған байланысты республикада және одан тыс жерлерде қазақ тiлiн ашық оқыту жолдары туралы атап өтті. 2020 жылдан бастап Абай институты барлық университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізіп келеді. Сол жылы институт «Отандастар» қорымен бірлесіп бес елде, атап айтқанда, Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ-та қазақ тілін оқыту курстары ашылды. 2023 жылдан бастап Абай институты географиясын кеңейтіп, оған Горган (Иран), Улан-Батор (Моңғолия), Омбы (Ресей), Будапешт (Венгрия), Париж (Франция), Вена (Австрия) т.б. қалаларда оффлайн курстар жүргізе бастады. Калифорния (АҚШ), Мәскеу (Ресей), Стамбул (Түркия), Анталия (Түркия), Варшава (Польша).


Семинардың практикалық бөлімінде М. Бақытқызы тыңдаушыларды қазақ тілін үйренуге арналған қазіргі қолданыстағы жұмыс қосымшаларымен таныстырды. Семинар барысы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Сөз соңында спикерлер берілген сұрақтарға жауап беріп, барлығын қазақ тілі курстарына шақырды. Кездесу нәтижесінде филиалда «Абай орталығын» ашып, институтпен белсенді ынтымақтастықты жалғастыру ұсынылды. Филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И. Власова қонақтарға алғыс айтып, ММУ Қазақстан филиалының естелік сыйлықтарын табыс етті.


Қонақтарымызға қызықты әрі мазмұнды таныстырылым жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз!








Мәтін: филология кафедрасы

Фото: Алина Мукаева